18 мая 2012, 01:02 | 16 410 просмотров
Сабақтың мақсаты:1. Құстар және олардың көктемдегі тіршілігі, табиғатқа келтіретін
пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру;
2. Балалардың сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту;
3. Құстарға деген қамқорлық сезімін ояту, оларға жағдай жасауға үйрету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ;
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру, әңгімелеу;
Сабақтың көрнекілігі: үй құстары мен дала құстарының суреттері, электронный оқулық;
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:
А) Балалардың оқу құралдарын тексеру;
Б) Сабақтың мақсатымен таныстыру;
ІІ. Өткен материалды қайталау:
1.Үйге қандай тапсырма берілді
2. Қандай ағаштардың түрлерін білесіңдер?(аққайың, шырша,жөке, үйеңкі, терек, қарағай т. б)
3.Орманда қандай ережелер сақтау керек?
ІІІ жаңа сабақ
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі? (көктем)
-Ендеше, балалар қыс айылары бітіп, көктем айлары басталды.
-Кім маған қыс айларын атап бере алады?
-Ал көктем айларын ше?
Көктемге байланысты табиғаттағы құбылыстарды, өзгерістерді байқауға болады.
Қар ериді. Күн жылынады. Күн жылынғаннан соң жыл құстары туған жерге оралады. Құстардың жылы жақа кететіні, қыстап қалатыны да болады екен.
Мысалы: Қарлығаш құсын алатын болсақ, ол-дала құсы. Қыста жылы жаққа ұшып кетеді.
Көктемде туған жерге оралып, ұя салып анау күздің cуығы түскенше балапандарын ұшуға үйретіп жылы жаққа ұшып кетеді.
4.Кітаппен жұмыс:
Кітапта балалар дала құсы қарлығаш туралы С. Әлімқұловтың тақпағы берілген екен (оқу, түсіндіру)
5.Тапсырма: Қарлығаш туралы қандай ертегі және мултьфильмдер білесің? Соны әңгімелеп бер.
6.Ертегіні әңгімелеп болған соң, ертегінің мазмұнын өзгерту. Мұнда қарлығашты жыланның торынан құтқару үшін, жыланның тапсырмасын орындайды.
1.тапсырма: Буындарды оқы, олардан сөз құрастыр.
2 тапсырма: Құстардың атын жаз.
3 тапсырма: Сөйлем құра.
7.Сергіту сәті: Шыр-шыр еткен торғайды,
Қорғамасақ болмайды.
Кіп-кішкене торғайлар,
Ағаштарды қорғайды.
Таспен атып торғайды,
Ұя бұзған оңбайды.
Құс өкпелеп кетеді,
Бақшамызға қонбайды.
8. Д/О Жоғалған буын
Үй......., бө....не, қар...., сауыс...., кө......, тор......, тыр...., бүр.......
9. Электронды оқулықтан құстардың тіршілігі туралы көрсетіп сабақты қорыту.
10. –Ал, балалар ойнайық
Ойнайықта ойлайық.
Қандай жұмбақ болса да
Шешпей оны қоймайық.
Жұмбақ
1.Бұл не деген шебер еді
Ормандағы ағаштарды
Тұмсығымен шегеледі (тоқылдақ)
2.Табаны бейне алақан, мынау қандай балапан (үйрек)
3.Басында айдары бар, иегінде сақалы бар. (әтеш)
4.Алшаң-алшаң басады, бірін-бірі көрсе қаңқылдасады. (қаз)
5. Ақ сарайын талқандап, шықты біреу талтандап. (Балапан)
11. Үй құстары мен дала құстарынның айырмашылығын айтқызу арқылы суреттен дала құстары мен үй құстарын топтап жинатқызу.
12. Сабаққа қатысқан балаларды бағалап, мадақтау.