18 мая 2012, 01:03 | 7 740 просмотров
Сабақтың мақсаты:
1)Білімділігі: Оқушылардың бисер тоқудағы білімін жүйелендіру,шеберлік деңгейін арттыру арқылы әдемілікке үйрету.
2) Дамытушылығы: Өз бетінше жұмыс істеуге, ынта-ықыласын, шығармашылық қиялын дамыту.
3)Тәрбиелілігі: Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Көрнекілігі: Бисерден тоқылған дайын бұйымдар,технологиялық карта,бисерлер, леска,ине, қайшы, жібек жіп, суреттер.
Сабақтың түрі: Қорытындылау сабағы.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, нұсқау, сарамандық жұмыс.
Пәнаралық байланыс: Математика,тарих, сызу, ағылшын тілі.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру.
2. Өткен тақырыпты пысықтау.
3. Сергіту сәті.
4. Сарамандық жұмыс.
5. Қорытындылау. Жұмыстарын бағалау.
1.Ұйымдастыру.(сәлемдесу,сабаққа дайындығын тексеру, түгендеу)
2.Өткен тақырыпты пысықтау-Алдыңғы сабақта бисердің шығу тарихы, түрлері жөнінде танысып өттік. Ендеше айтыңдаршы? Бисер деген не? Оқушы:Бисер деген-пластмассадан, әйнектен, інжу-маржаннан жасал-ған ұсақ моншақтар. Бисердің түрлері: домалақ, сопақ, таяқша.
2.Бисермен тоқу нені талап етеді? Бисер қай кезде пайда болды? Оқушы:-Бисермен тоқу көп уақытты талап етеді.Бисердің шығу тарихы әйнектің шығуымен тікелей байланыс-
ты.Әйнекті дайындаудың ең алғашқы құпиясын Финикия елі ашқан деген аңыз бар.Финикиялық көпестер бүкіл Жерорта теңізінің халқына әйнектен жасалған бұымдарды сатқан екен. Бисерді шыны, хрусталь, керамика,металдан жасайды.
а) Жұмыс ережесін еске түсірейік. Қауіпсіздік ережелері:
1.Қайшыны ұшымен берме және арнаулы қобдишада сақтау керек.
2. Инені ауызға салуға, киімге қыстыруға болмайды.
3. Тот басқан инемен жұмыс жасауға болмайды.
4. Бисермен жұмыс істегенде бисерлер шашылмау үшін оларды жайпақ ыдыста, қорапшада немесе түкті мата үстіне ұстаған жөн.
ә) Жұмыстың реті
1. Алқа тоқу техналогиясы. 2. Нұсқау картамен жұмыс жасау.
Алқа – мойынға тағылатын сәндік бұйым.Моншақ неолит дәуірінде тастан, сүйектен, қола дәуірінде- металдан жасалған. Ежелгі мысырда,орта ғасырларда Венецияда, Русьте, Орта Азияда шыныдан жасалған. Бисермен сәндік бұйымдар: алқа, сырға, білезік, тұмарша тоқуға болады.
б)Сергіту сәті. Полиглот
1. Басы екеу,аяғыда екеу (қайшы,ножница,needle)
2. Ине өткен жерден- ......... өтер (жіп, нитка, sting)
3. Әйнектен, інжу- маржаннан жасалатын түрлі-түсті ұсақ моншақты қалай атайды? ( сумоншақ, бисер, beads )
4.Тап-тап, тап жорға,
Табаны жоқ боз жорға.
Желіп кетсе жеткізбес,
Жерге түссе таптырмас (ине, игла, needle)
Сарамандық жұмыс.
Қорытындылау. 1.Алқа тоқуды ұйрендік.
2.Моншақ түрлерін ажырата алатын болдық. 3.Алқаны өзі дайындап ақшасын үнемдеуді. 5.Шеберлікке үйренді. 6.Өзіне- өзі қызмет етуді үйренді.