Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Көпжасушалы жасыл балдырлар


18 мая 2012, 01:08 | 5 934 просмотра



Сабақтың мақсаты: Көпжасушалы жасыл балдырдардың түрлеріне, құрылысына және тіршілік қасиеттеріне жалпы сипаттама.

Көтеріңкі көңіл күй сыйлау, өз ойларын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.

Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту және қызығылушылығын арттыру

Көрнекі құралдар: көпжасушалы жасыл балдырлар, тірек-сызбалар, микроскоп, фишкалар, ысқырық, қоңырау.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: СТО, кубизм, ой-толғау, миға шабуыл.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі /3 мин/

Кел сәлемдесейік!

Шапалақ- Қол беріп амандасу.

Қоңырау- Бір –біріміздің иығымыздан сипалау.

Ысқырық- Арқамызды бір-бірімізге тигіземіз

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау, кубизм әдісі арқылы.

Сынып оқушыларын А,Б,С үш топқа бөліп, үй тапсырмасын сұрау.

А-тобы «Зерттеуші топ»

Б-тобы «Суреттеуші топ»

С-тобы «Салыстырушы топ»

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту

ІV. Жаңа тақырып / Мақсат қою кезеңі/

Жасыл балдырлардың шамамен 20000-дай түрі бар, жасыл түсті болатын себебі жасушасында басқа бояулардан гөрі жасыл хлорофилл басым. Жасыл балдырлардың ішінде бір жасушалы (хлорелла, хламидомонада), көп жасушалы жіп тәрізді (спирогира, зигонема, улотрикс) шоғырлы (колониялы вольвокс) түрлері бар. Жасыл балдырлар-тұщы суларда, теңіздерде, топырақ бетінде тіршілік етеді.

Көпжасушалы жіп тәрізді жасыл балдырлардан көбірек кездесетіні-спирогира. Спирогира балдырдың туыс аты, жер жүзінде кең таралған 340-тан астам түрлері кездеседі. Спирогира балдырының туыс атын ғылымға 1820 жылы неміс ғалымы Х.Линк енгізген. Спирогира атауы (гр. «спира»-спираль (оралма), иілу, «гирос»-иректелген, иілген) осы күнге дейін өзгермей мәнін жоғалтпай аталуда. Спирогираның таспа пішінді хромотофоры оралма (спираль) тәрізді орналасқан. Бұлар тоғандар мен арық суларында жіп тәрізді шұбатылып ұзынынан созылып (әсіресе арық жиегінде) жатады.

Спирогира –жібі бір қатарға орналасып, ұзын жасушалардан құралған көпжасушалы балдыр. Ол өзге балдырлармен бірге жиналып, суға жасыл түс береді. Спирогира қолға алғанда жібектей жұмсақ болып сезіледі. Спирогираның құрылысын микроскоппен көруге болады. Оның жасушаларі ірі. Жасуша қабықшасы астындағы цитоплазма ядроны қоршаған цитоплазмамен цитоплазмалық жіпшелер арқылы байланысады. Жіпшелердің арасында вакуоль шырыны толтырып тұрады. Жасыл түс беріп тұратын хроматофоры бір, екі немесе одан көп болады. Таспа пішінді хроматофоры жасушада оралма тәрізді орналасқан. Атауы осы қасиетіне негізделген. Ол өсімді және жынысты жолмен көбейеді.

Өсімді көбею спирогира жіпшесі бірнеше бөлшекке немесе жеке жасушаларының бөлінуі арқылы жүреді. Әр бөлшегінің жасушасынан қайтадан спирогира жіпшесі пайда болады. Жынысты көбею жіптеріндегі екі жасушаның цитоплазмасының қосылуы арқылы жүреді.

Көп жасушалы жіп тәрізді жасыл балдырдың екінші түрі-улотрикс. Улотрикс ағын су түбіндегі заттарға бекінеді. Су түбіндегі қайыр-балшықтың бетін жауып жатады. Ол бірқатар қысқа жасушалардан түзілген жіп тәрізді болады, төсемікке бекініп өседі. Спирогирадан айырмашылығы әрбір жасушасындағы жасыл түсті хроматофоры жалпақ білезік тәрізді болып келеді.

Жыныссыз көбейгенде кез келген жасыл жасушыларында екі, төрт талшықты зооспорлар түзіледі. Олар қозғалып, төсемікке бекінеді. Талшығын жойып, жаңа жасушалар түзе бастайды. Біртіндеп улотрикс жіпшесі пайда болады.

Жынысты көбейгенде кез келген жасушасы бөлшектерге бөлінеді. Зооспоралардан кіші екі талшықты гаметалар түзеді. Олар екі-екіден қосылып, зигота пайда болады. Оның сырты қалын қабықпен қапталып, бұйыққан спораға айналады. Ол бірнеше бөлшекке бөлініп, әрқайсысы зооспора түзеді. Олардан жаңа улотрикстер өсіп жетіледі.

Спирогира мен улотрикс басқа жасыл балдырлар сияқты күн сәулесінің қатысуымен хроматофорларына судағы еріген көмір қышқыл газын сініріп, ағзалық зат түзіп, қоректенеді. Сонымен бірге суға оттегін бөліп шығарады. Оттегімен судағы тірі ағзалар тыныс алады.

Балдырлардың және басқа да суда тіршілік ететін ағзалардың қалдықтары шіриді. Құнарлы заты тынайтқыш есебінде егістікке пайдаланылады. Балдырлар су жәндіктерінің тіршілік ортасы және қорегі болып саналады.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында Қазақстанның экономикалық картасы арқылы Семей, Талдықорған Алматы, Астана, қалаларына саяхат жасаймыз.

V. Жаңа тақырыптың «Миға шабуыл» кезеңінде оқушылармен Семей қаласына саяхат жасаймыз балдырлар және олардың негізігі ерекшеліктері жайлы оқушылар өз ойларын білдіреді.

VІІ. Эссе жазу (еркін жазу) оқушылар Талдықорған қаласына саяхат жасайды, тақтадағы 1,5 млрд, көпжасушалы, балдырлар , жасыл, нәруыз йод, тұщы су, 20000, ғарыш, хлорелла, Израиль, Жапония, май, энергия, бактерия, витамин сөздерін бір-бірімен байланыстырып эссе жазады.

VІІІ. Биологиялық диктант Алматы қаласына саяхат жасайды (зертханалық дәптермен жұмыс)

Көпжасушалы жасыл балдырларды ата...

Спирогира хроматофорының пішіні...

Қардың қызыл болу себебі...

Ғарышқа адаммен қоса ұшырылған балдыр...

Балдыр денесіндегі органикалық заттар...

Балдыр денесінен алынатын химиялық элемент...

ІХ. Сабақты бекіту.

Х. Үй тапсырмасы

ХІ. Оқушы білімін бағалау: Тәуелсіз еліміздің болашағы білімді ұрпақ. Бүгінгі сабағымыздағы еңбегімізбен Тәуелсіздіктің 20 жылдығына 20 жылдыққа 20 түп ағаш ұранымен сұрықсыз ағашты мәуелі байтерекке айналдырайық.

Автор:
Д.Т.ТӨЛЕУБАЕВА Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен мемлекеттік мекемесі биология пәнінің мұғалімі