Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Арпалыс


25 мая 2012, 22:18 | 3 623 просмотра


Сабақтың мақсаты: А)Мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыра отырып, қысқы табиғат құбылыстары туралы түсінік беру.

ә)Оқушының жазуы мен оқуы арқылы, дұрыс сөйлеу қабілетін, ой - өрісін қиалын дамыту.

Б)Қарапайым халық еңбегін сыйлау, құрмет көрсетуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілік: плакат, сурет

Стратегиялары: «Ой қозғау», «Топтастыру», «Авторға сұрақ қою», «Өзің үшін жазу»

Сабақтың барысы

1.Қызығушылықты ояту.

Психологиялық дайындық.

Оқушылар бір – біріне сәттілік тілейді

Көршілеріне бұрылып, аларңқаңдарыңды біріктіріп, жүрек арқылы бір – бірімізге жақсы тілектер айтайық.

2.Үй тапсырмасын тексеру

«Қылыл шұңақ»

Жатқа сұрау

«Қар»

Мәтіңді әңгімелеу

Сұрақ – жауап

Не жауып тұр?

Жаңа жауған қарды ақын неге теңеп отыр?

Терезеге тиген қар ұшқыны қандай күйге ұшырайды?

Қар жауған соңи айнала қалай өзгереді?

Жазушының осы әңгімесін оқып отырып, жазушыны кім деп айтуға болады?

3.«Ой қозғау» стратегиясы

- қыста болатын қандай табитғат құбылыстарын білесіңдер?

А)Топпен жұмыс

- әр оқушы өз ойын ортаға салып, топқа қабылдайды.

4.«Топтастыру» стратегиясы

5.Мағынаны ажырату

Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыз қысқы табиғат құбылысына байланысты.

Зейнолла Шүкіровтың «Арпалыс» әңгімесі

Мәтінді бөлікке бөліп оқыту.

Мәтінді әңгімелеу

6. Кітаппен жұмыс

«Авторға сұрақ қою стратегиясы»

Оқушылар 1- ші бөлікті түгел оқиды.

1-ші топ – авторлар, қалған 2 топ оқырмандар.Оқырмандар мәтін бойынша авторларға сұрақ қояды. Авторлар жауап береді.

7. Ой толғас

- «Өзін үшін жазу» стратегиясы

- эссе жазу

- Тақырыптар: «Батылдылық», «Азаматтық», «Қамқоршылық».

- Оқушылар таңдаған тақырыпты алып, әңгімеден алған әсерлерін, ой – пікірлерін жазады.

8.Сабақты қорыту.

1. Бүгін қандай тақырып өттік?

2. Бұл қай кезде болған оқиға?

3. Неге ағалы – інілі балалар боранда қалды?

4. Қой бағу оңай емес екендігін неден аңғардық?

9.Үйге тапсырма

Мәтінге жоспар құру, мазмұндау.

10.Бағалау Алған білімдерін бағалау.

Автор:
Г.ШАТЫРБАЕВА, Мұсабек атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі. Көксу ауданы