Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ОРТАҚ ШАҢЫРАҚ АЯСЫНДА


25 мая 2012, 22:24 | 2 018 просмотров



15- мамыр Халықаралық отбасы күні. Осыған орай Ескелді ауданы, Екі мәрте Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергенов атындағы ауылында Байысов атындағы орта мектебі «Мөлдір бұлақтан...» атты тақырыпта отбасылық шығармашылық фестивалін өткізді. Фестивальге барлық тілек білдіруші отбасылар, яғни әртүрлі өнерпаздық шығармашылықпен, кәсіптік өнермен айналысатын отбасылар мен отбасы құрылымдары қатысты.

Бұл фестивальдің жұмысына Алматы облысының Балалар құқығын қорғау департаменті, Ескелді ауданының білім дене шынықтыру және спорт бөлімі, Алдабергенов ауылдық округінің әкімі қатысты.

Фестиваль келесі мақсатты көздеді:

Ұрпақ тәрбиесінде ата-бабамыздың ұстаған жолын, баланың отбасындағы орнының жоғары бағалағандығын паш ету, бала тәрбиесіне байланысты салт – дәстүр, мақал – мәтелдер, нақыл сөздерді пайдалана отырып оқушыларды үлкендерді сыйлауға, кішіге көмектесуге баулу. Өзара сыйластыққа, адамгершілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу.

Фестиваль төрт турдан құрылды:

1. «Отбасы құндылықтары»

2. «Отбасылық мереке»

3. «Өнерлінің өрісі кең»

4. «Сәндік –қолданбалы шығармашылық өнер»

Осы турларда өз шаңырағына ғана тән әдеп-ғұрып, салт-дәстүрін, сахналық көрініс арқылы көрсетіп, өздерінің өнерге қабілеттілігін танытып, өз отбасының шығармашылық сәндік-қолданбалы өнерінен көрме дайындап Бауыржан Ғарифолланың, Дүйсетаев Бекжанның, Қасым Аяулымның, Үісипхан Шолпанның,Төкенова Айдананың, Бұрышбаев Нұржанның, Уатхан Талғардың, Шаған Гүлнұрдың жанұялары қатысты. Олар өздерінің ата-әже, әке-ана, апа-аға, іні-қарындастарымен келіп қатысты. Барлық отбасылар тату-тәтті, өнерлі, ізденімпаз, өз істерінің нағыз шеберлері екендігін көрсете білді.

Дана халықтың өзі жасаған осы әдет-ғұрып пен жөн-жосықты біліп үйрену және өмірде қолдану – ағайынды адастырмас сара жол. Мұны отбасында ата-ана, мектепте ұстаз, көпшілік ортада ақсақалдар жастарға үйретіп отырады. Осындай іс-шаралар өскелең ұрпаққа рухани-адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру, үлгілі отбасыларды құрметтеу, өнегелі тәжірибесін насихаттау жолдарының бірі.

Автор:
Гүлнар ҚАЛИЕВА Ескелді ауданы Байысов атындағы орта мектебі