Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ШЕТЕЛДІК АЗИЯ ХАЛҚЫ


25 мая 2012, 22:25 | 5 457 просмотров


Мақсаты: 1.Азия халқының саны, демо-графиялық жағдайы, халықтың орналасуы, урбандалу деңгейі туралы жаңа мәліметтермен таныстыру.

2. Тақырыптық карталарды талдау, іздену іс-әрекеттерін дамыту.

3. Ойларын толық жеткізу,нақты жауап беруге тәрбиелеу

Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақ түрі: Іздену сабағы

Әдіс-тәсіл: Деңгейлеп оқыту әдісі, іздену, сұрақ-жауап, талдау,ішінара түсіндіру.

Көрнекілігі: Интербелсенді тақта бойынша: Халықтар картасы,саяси карта, кесте,сызбанұсқа.

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру

2. Жаңа сабақ. Тақырыбы: Шетелдік Азия халқы

1-оқушылық деңгей.

Еске түсіру: 1-сұрақ. Демография деген не?

2-сұрақ.. Демографиялық саясат деген не?

Слайд: «Азия халқы»

3-сұрақ.Қандай нәсіл өкілі, басқа нәсілдерден айырмашылығы?

Слайд-Анықтама: Жер шары халқы-6 млрд астам.

Азияның жалпы халқы саны- 4 млдр 140 млн адам.

Жер шары халқының 60 пайызын құрайды.

Дүниежүзіндегі халық саны ең көп 10 елдің қатарына Шетелдік Азияның 6 елі енеді.

Слайд: Дүниежүзінде халқы көп елдер – сызбанұсқа

(Халық саны көп 6-елге оқушылардың ойша болжамын, сызбанұсқамен салыстыру)

Азия аймақтарының ауданы мен халқының арасалмағы –сызбанұсқаны талдау.

2-алгоритмдік деңгей.

Оқулық бойынша жұмыс,сұрақтарға жауап беру.

Слайд: « Азия халқының құрамы»

«Тілдік құрамы»

1. Азиялықтар жалпы қанша тілде сөйлейді?

2. Азиядағы тілдер қанша тіл семьясына жатады?

3. Ең көп таралған тіл семьялары?

4. Кең тараған тілдер және саны жағынан ірі халықтар?

«Ұлттық құрамы»

1. Бір ұлтты мемлекеттер?

2. Көп ұлтты мемлекеттер?

«Діни құрамы»

1.Ұлттық діндер?

2. Әлемдік діндер?

«Жас құрамы»

1. Орташа өмір сүру жасының ұзақтығы?

2.Халықтың ұдайы өсуінің типі?

«Жыныстық құрамы»

1. Ер адамдар мен әйелдердің қайсысы басым?

(Қажеттілігіне қарай мұғалім толықтырып отырады)

3-эвристикалық деңгей.

Сынып оқушыларын 4 топқа бөлу,картамен жұмыс.

Слайд: «Халықтың орналасуы мен урбандалу деңгейі»

1.Оңтүстік-Батыс Азия елдері

2.Оңтүстік Азия

3.Оңтүстік-Шығыс Азия елдері

4.Орталық Азия елдері

Тапсырма: 1.Аймақ территориясында халықтың орналасуы?

2. Аймақтың урбандалу деңгейі?

4-шығармашылық деңгей.

Сұрақтарға өз ойларымен жауап беру.

1.Халық аса тығыз орналасқан аймақтар-

ға қандай проблемалар тән?

2.Азия елдерінде демографиялық саясат қандай бағытта жүргізілгені тиімді?

Жаңа білімді бекіту мақсатында «Дұрыс сәйкестендір» сұрақтарға жауап жазу.

1.Азияда қанша тіл семьясы таралған?

2. Азиялықтар қанша тілде сөйлейді?

3.Кең тараған тіл семьялары?

4. Бір ұлтты мемлекеттер?

5. Көп ұлтты мемлекеттер?

6. Жас дін?

7. Азиядағы халықтың орташа тығыздығы?

8. Урбандалу деңгейі жоғары елдер?

9. Азиядағы қала халқының үлесі?

10. Ұлттық діндер?

11. Жалпы халық саны?

1.Парсы шығанағы елдері

2. 129 адам

3.Жапония.КХДР

4.9 тіл семьясы

5.Даосизм,синтойзм

6. 600

7.Үндістан, Непал, Ауғанстан

8.Сино –тибет, үнді еуропа

9.42

10. 4 млрд.140 млн.

11. Ислам

Жауап: 1-4, 2-6, 3-8, 4-3, 5-7, 6-11, 7-2, 8-1, 9-9, 10-5, 11-10

3.Үйге тапсырма

4. Білімдерін бағалау

Автор:
Ж.Т.ДҮТБАЕВА, №13 орта мектептің география пәні мұғалімі Талдықорған қаласы