25 мая 2012, 22:32 | 7 120 просмотров
Сабақтың мақсаты: Жемістердің алуан түрлілігі жайлы түсіндіру. Шырынды және құрғақ жеміс туралы айту.
Білімділік: оқушыларға жеміс бөліктері және құрылысы, атқаратын қызметтерімен таныстыру.
Дамытушылық: биология пәніне деген қызығушылығын арттырып, білімдерін көтеру.
Тәрбиелік: табиғатқа, қоршаған ортаға сүйіспеншілігін арттыру.
Ғылыми тілде сөйлеуге баулу.
Сабақ құрылымы:
І . Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Білімдерін көтеру (сөзжұмбақтар)
ІV. Жаңа сабақты меңгерту
V. Сабақтың негізгі түйіні
а) шырынды жемістер
б) құрғақ жемістер
VІ. Бекіту
VІІ. Үйге тапсырма
VІІІ. Бағалау
1.Жынысты көбею?
2.Тозаңдану?
3. Өздігінен тозаңдану Айқас тозаңдану Бунақдене арқылы айқас тозаңдану
4. Гүлді өсімдіктердің ұрықтануы?
Сөзжұмбақ сұрақтары
1.Аталық жіпшеден және .... тұрады?
2.Бунақденелер арқылы айқас тозаңданатын өсімдік?
3.Қандай бунақдене арқылы өсімдік айқас тозаңданады?
4.Аталық және аналық жыныс жасушасының қосылуы?
5.Жел арқылы тозаңданатын өсімдік?
ІV. Өсімдік гүлдеп болған соң ұрықтанған аналықтың жатыны жеміске айналады.Жемістің түзілуіне жатынмен бірге гүлдің бөліктері қатысады, жеміс қабыр-
ғасы сыртқы, ортаңғы, ішкі қабаттардан тұрады. Бұл қабаттарды жеміс серігі дейді. Барлық гүлді өсімдіктердің жемістері шырынды және құрғақ деп 2 топқа бөлінеді.
Шырынды жемістер-шырыны мол, жұмсақ болады. Олар жидек, жидек тәрізді, сүйекті шырынды деп бөлінеді.
Жидек жемістің сыртқы қабығы жұқа, жұмсақ,ішінде тұқымдары көп шырынды. Мысалы: қызанақ,жүзім, картоп жемістері.
Асқабақтар тұқымдасына жататын өсімдіктердің жемістері жидек тәрізді делінгенмен, өз алдына асқабақты жемістер деп аталады. Оларға: қияр, қарбыз, қауын, асқабақ жатады.
Алма жемісінің түзілуіне жатыннан басқа гүлтабаны, тостағанша мен күлтенің түбі, аталықтың төменгі бөлігі қатысады. Алма 5 ұялы жатыннан дамитындықтан жемісінің ішкі бөлігі қатты болады, әр ұясында екіден тұқым орналасады. Сыртқы қабаты шырынды. Сондықтан алма өзінше «алма жеміс» деп аталады. Алма жеміске: алма, алмұрт,беже т.б жатады.
Сүйекті шырынды жемістердің сыртқы қабаты жұқа,ортаңғы қабаты қалың етті-шырынды, ішкі қабаты-қатты сүйектенген. Бір тұқымды жемістерге шие, алхоры, өрік, шабдалы т.б жатады. Сүйекті жемістердің құрғақ түрі де кездеседі, мысалы: бадам, грек жаңғағы, кокос пальмасы т.б жатады.
1. Бұршаққап – бір ұялы, тұқым саны біреу немесе бірнешеу болатын құрғақ жеміс. Тұқымдарыжеміс жақтауының жиегіне бекиді. Піскенде екі жағындағы жіктері өздігінен ашылап, тұқымдары сыртқа шашылады (асбұршақ, беде)
2. Бұршаққын – қос ұялы, ішінде ұзынша тартылған жұқа жарғақты пердесі бар.Тұқымдары пердеге бекінеді. Піскенде жемістің қос жақтауы төменгі жағынан бастап қақырайды. Жемістің бұл түрі қырыққабат, шомыр, шал-қан да болады. Ұсақтау түрі бұршаққынша деп аталады.
3. Қауашақ – бір, үш,бес және көп ұялы, көп тұқымды. Түріне қарай қақырау жолы да түрліше. Мысалы: меңдуанада қауашағының қақпақшасы ашылады. Сасық меңдуана, қызғалдақта жіктері шатынап, ұзынынан жарылып қақырайды.
4.Қанатты жеміс – жеміс серігінің біраз бөлігі жұқарып, қанатқа айналған. Жел арқылы таралады. (үйеңкі, қайың т.б).
5. Дәнек – бір тұқымды жұмыс. Тұқымы жеміс серігімен тұтасып бірігіп кеткен.
Бидай, жүгері, арпа, тары, күріш жемістері дәнек деп аталады.
6.Тұқымша – дәнектен айырмашылығы жеміс серігі тұқымымен бірікпеген. Көбінде үлпек айдаршасы болады (бақбақ, күнбағыс, өгейшөп).
7.Жаңғақ – жемістің жеміс серігі ағаштанып қатайып кетеді. Тұқымдары жеміс серігімен бірікпей бос жатады (емен жаңғағы, жаңғақша т.б.)
8. Жинақталған жемістер – бір-бірімен бірікпеген күрделі көп аналықтардан түзілген. Құлпынай, итмұрын жемістері шырынды болып көрінгенімен құрғақ, көп жаңғақшалы жинақталған жеміске жатады.Жаңғақшалы шырынды гүлтабанның ішінде жеке-жеке орналасады.
VІ.Бекіту
Тізімдегі өсімдіктерді жеміс түріне қарай тиісті бағанаға жаз.
1. Бұршақ ; 2. Қызанақ ; 3. Алма ; 4.Бидай; 5.Орманжаңғақ; 6. Жүгері; 7. Үрмебұршақ; 8.Өрік; 9. Күнбағыс; 10.Көкнәр; 11.Алхоры; 12. Жүзім; 13. Қырыққабат; 14. Қарбыз; 15. Асқабақ;
Үйге тапсырма
Біліміңді тексер.
Дарынды оқушыларға тапсырма, біліміңді тексер суретпен жұмыс. Суретте қандай өсімдік?
Бағалау: оқушылар бірін – бірі бағалау.