Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Аялай біл,сен деп соққан жүректі


25 мая 2012, 23:42 | 3 952 просмотра



Мақсаты: - жаныңда жүрген жақын адамдарды сыйлауға,құрметтеуге үйрету

Міндеттері: - адамның бір-біріне деген,отбасы мүшелеріне деген мейірім-

шапағатының мән-мағынасын түсіну;

-жанында жүрген жақын адамға деген сүйіспеншіліктерін арттыру;

-жанында жүрген жақын адамдарды, отбасын сыйлай, қадірлей білуге тәрбиелеу;

Жоспары

І. Тақырыбын, мақсатын айту

ІІ. Танысу

ІІІ. Шаттық щеңбері

ІV. Топпен жұмыс (сұрақ-жауап, дейексөз, жағдаяттарды талдау, ойын- жаттығу)

V. Жүректен – жүрекке

Барысы

ІІ. 15 ата-ана 5-5-тен 3 топқа бөлініп отырады.Орындарынан кезепен тұрып,өзінің атын айтып және неше баласы барын айтып таныстырады.

ІІІ. Шеңберге жиналып ,бір-біріне баласы туралы жақсы тілек айтады.Мысалы: 1.қызыңыз қылықты болсын, 2. ұлыңыз қайратты болсын, 3. балаңыз беделді болсын, 4. озат болсын, 5. жігерлі болсын, 6. өнерлі болсын, 7. бақытты болсын, 8. әдепті болсын, 9.еңбекқор болсын, 10. сүйкімді болсын, 11. білімді болсын, 12. саналы болсын, 13. тәрбиелі болсын, 14. текті болсын, 15.сабырлы болсын т.с.с.

ІV.а) сұрақ-жауап «Мен кіммін?» сұрағы төңірегінде ой бөлісу.

ә) дәйексөз Бала тәрбиесіне байланысты 3 топ мақал-мәтел, нақыл сөздер айтады. Мысалы: Балаңды аясаң, өзіңді аяма. Қызға қырық үйден тыю.Ана көрген тон пішер, әке көрген оқ жонар. Үлкен алдында жас қарызы, ата алдында бала қарызы – әдеп пен сый.

б) жағдаяттарды талдау.

в) Ойын-жаттығу. Әр топ парақшаға балаға, отбасына байланысты 5 құнды сөз жазады. Сосын біртіндеп 1,2 құнды сөз жазған парақшаларын беріп отырады. Не үшін бергенін айтады. Басты деген құндылықтарды өзінде қалтырады.Соңында отбасындағы құндылықтардан айрылып қалмай, сақтай білу керектігін түйіндейді.

1 топқа: Балаңыздың сыныптастарының бәрінде компьютер бар. Сіздің балаңыз сізге алып бер деуге батпайды. Өйткені, ата-анасының жұмыссыз екенін, отбасында қаржы тапшылығының барын түсінеді.

Бірақ бала ішінен қиналып, компьютерге зәру болып жүр. Осы жағдайдан қалай шығасыз?

2 топқа: Балаңыз кейбір нәрселерге қабілеті жоқ, бірақ сіз балаңыздың барлық жерде бірінші болып көрінуін қалайсыз.Ол сіздің көңіліңізге қарап, тырысады, бірақ кейде бір нәрсе қолынан келмейді немесе білімі жетпей жатады.Сол кезде сіз балаңыздың жеңілісін қалай қабылдайсыз?

3 топқа: Балаңыз үшін мектепке жиі келесіз. Ата-ана жиналысында сөз естисіз.

Балаңыздың оқуы да, тәртібі де мәз емес. Осы жағдайдан шығудың амалы неде деп ойлайсыз?

V. Жүректен жүрекке. Әр ата-ана кішкентай жүрекке «Сіз үшін балаңыз кім?» сұрағына жауап жазып, тақтада ілулі тұрған үлкен жүрекке жазған сөзін дауыстап оқып, апарып жапсырады. Мысалы, балам: жаным, ұрпағым, қуанышым, бауыр етім, өмірім, жүрегім, қызығым, байлығым, бақытым, сая бағым, патшам, алтыным т.с.с.

Соңында шеңберге тұрып, бала туралы бәрі білетін бір әнді айтады.

Автор:
Гүлнар Асылбекова, Ғ.Орманов атындағы орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі. Қапал ауылы Ақсу ауданы