Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Токтың жұмысы мен қуаты және өткізгіш бойымен ток өткенде бөлініп шығатын жылу мөлшеріне есептер шығару


25 мая 2012, 23:44 | 6 667 просмотров


Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік мақсаты: Формулаларды меңгертіп, есептер шығаруға қалыптастыру.

2. Дамытушылық мақсаты: Деңгейлеп оқыту арқылы оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу белсенділігін, теориялық сауаттылығын арттыру, ойлау қабілетін дамыту.

3.Тәрбиелік мақсаты: Өзін-өзі басқаруға, бақылауға, байқағыштыққа жетелеу, еңбек етуге баулу, өз бетінше жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Есептер шығару

Сабақтың әдісі: Деңгейлеп оқыту

Сабақтың көрнекілігі: Тірек сызбасы, үлестірмелі қағаз, компьютер.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар түгенделіп, сабақ мақсаты айтылады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

І.Қайталау сұрақтары:

1. Токтың жұмысы деп нені айтады? Ол неге тең, формуласы, өлшем бірлігі.

2. Электр тогының қуаты деп нені айтады? Формуласы, өлшем бірліктері.

3. Джоуль-Ленц заңының тұжырымдамасы, формуласы.

ІІІ. Есептер шығарту.

І деңгей.

1. Өткізгіштің ұштарына түсірілетін кернеу 5В, онан өткен заряд 100Кл. Токтың жұмысын табыңдар.

2. Тізбектегі кернеу 15В кезінде, 10 минутта 3А ток күші қандай жұмыс жасайды?

3. Электр шамының спиралінің кедергісі 484 Ом, ол кернеуі 220В желіге қосылған. Электр шамындағы токтың қуатын тап.

ІІ деңгей.

1.Қалта фонарына арналған шам астында 3,5В және 0,28А деп жазылған. Жұмыс режіміндегі кедергі мен тұтынылатын қуатты табу керек. Қыздыру шамы баллонында 220В, 60Вт деп жазылған. Жұмыс режіміне сәйкес ток күші мен кедергіні табыңдар.

2.Кедергісі 10Ом өткізгіштің ұштарына 12В кернеу берілген. Осы өткізгіштен 20с ішінде қанша электр заряды өтеді? Осы кезде қандай жұмыс істеледі?

ІҮ. Сабақты бекіту.

2.Есептер шығару (Деңгейлік тапсырма бойынша).

1 деңгей.

№1. егер тізбек бөлігіндегі кернеу 220В болғанда, токтың жұмысы 16 кДж-ға тең болса,осы тізбек бөлігі арқылы қандай заряд өтеді?

№2. Генератордың қысқыштарындағы кернеу 380В, ал тізбектегі ток күші 5А. Оның қуатын тап.

№3. Кедергісі 20 Ом және тізбектегі ток күші 6А электр қыздырғышта 2 минут уақыт ішінде қанша жылу бөлінеді?

2 деңгей. (Сапалық есептер бойынша).

1. Электр плитасының қылы жанып кетті. Оны қайта жалғағаннан кейін біраз қысқарған, белгілі бір уақытта плитадан бөлінетін жылу мөлшері қалай өзгереді?

(Жауабы: Электр плитасының кедергісі өткізгіштің ұзындығына l, қимасының ауданына S, оның матер-

иалына байланысты. R=pl/S; сұрақ бойынша спиральдің ұзындығы қысқарса, оның кедергісі де азаяды. Ал жылу мөлшерінің формуласынан (Q=U2/R•t-нан) R азайса, Q көбейеді).

1.Кернеудің тұрақты мәнінде, электр кедергісі 2 есе артса тұрақты токтың қуаты қалай өзгереді?

(Жауабы: Токтың қуаты 2 есе кемиді).

2.Тұрмыста пайдаланылған электр энергиясының құны қалай есептелінеді?

ІІІ деңгей. (Тест тапсырмасын орындау).

1. 24В кернеуге 1,5А ток күшіне есептелінген шам 10 минут жанды. Электр тогының атқаратын жұмысын анықта?

А. 216кДж В. 21,6кДж

С.216Дж Д.2,6кДж Е.3,6кДж

2. Кернеуі 220В ток көзіне электр шамы қосыл-ған шамнан өтетін ток күші 0,6А тең, оның 20с ішіндегі жұмысын тап.

А. 1320Дж В.396кДж

С.66Дж Д.4400Дж Е.6200Дж

3. Қуаттың өлшем бірлігі?

А.Паскаль В.Ньютон

С.Метр Д.Ватт Е.Джоуль

4. Ток күшінің өлшем бірлігі?

А.Ватт В.Ньютон

С.Ом Д.Паскаль Е.Джоуль

5. Қуаты 0,5 кВт электр плита 90с ішінде қанша жылу бөлінеді?

А. 45 Дж В. 19800Дж

С.110000Дж Д. 450 Дж Е.45000Дж

6. Кернеуі 10В эл.доғасы ток көзіне қосылған. Электр доғасы 20А ток күшін тұтынады. Эл.доғасының қуатын анықта.

А. 200Вт В.2 Вт

С. 0,5Вт Д.2 Дж Е.200 Дж

7. Жұмыстың орындалу тездігін сипаттайтын шама.

А.Қуат В.Жылдамдық

С.Энергия Д.Күш Е.Қысым

8. Қуаты 30В желдеткіш 10 минутта қанша жұмыс істейді?

А. 1,8 кДж В.18 кДж

С. 180 кДж Д. 3 Дж Е.0,3 кДж

Тесттің жауаптары:

Сұрақтар 1 2 3 4 5 6 7 8

Жауаптары В А Д В Е А А С

ІІІ.Қорытынды.

ІҮ. Бағалау

Ү. Үйге тапсырма

Автор:
А.С.ЕРЖАНОВА «Тасарық орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» мм-нің физика пәнінің мұғалімі Сарқан ауданы