25 мая 2012, 23:45 | 4 116 просмотров
Қызықты математика оқушының танымдық, өздігінен білім алуына және ақыл-ой операцияларын шығармашылық мүмкіндіктерін жетілдір-
еді.
Қызықты тапсырмалар, ойын-алты жасар балалардың ой қабілеттерін арттырудың қажетті құралы.
Нерв жүйесін қоздырып, психикалық процесстер белсенділігін оятып, жағымды эмоциялар тудырады.
Ойын логикалық ойлау қабілетін, зейінді жаттықтырып, оқушылардың белсенділігін арттырады.
Қызықты есептер зерделікке, қиялдауға, логикалық ойлауға, тапқырлыққа, байқампаздыққа үйретеді,қызығушылығын оятады.
Мақсаты: Оқушылардың ой қабілеттерін арт-
тыру, логикалық ойлауын, қисынды ойлауын, шығармашылыққа, тапқырлыққа, байқампаздыққа, дағдыландыру.
Өздігінен қиялдауға қызығушылығын оятып, жан-жақты ойлауын арттыру.
Модульдік оқу технологиясында ойын элементтерін қолдануда есте сақтау, төртінші артықтытабу арқылы ынталандыра қызықтыру.
Міндеттері:
-өзіндік жұмыс жасауға;
-өзін-өзі бағалауға;
-ұжымда жұмыс істей білуге;
-таным белсенділігін арттыру;
-іздену әрекеттерін қалыптастыру
-логикалық ой-қабілетті, зейінді жаттықтыру;
-шығармашылыққа баулу;
Нені үйрену керек.
Бірнеше заттарды санау, математикалық өлең, ойын есептер, геометриялық денелер, математикалық жұмбақтар, ребустар, викториналар, қызықты математикалық ойын есептерді шығаруды үйрену.
Нені білуі керек.
Дұрыс логикалық есептерді шығаруды, өлең мен жұмбақтарды,геометриялық денелерді, ойын есептер мен сөзжұмбақтарды дұрыс құрас-
тыра әрі шығара білуі керек.
Р-с Өтілетін тақырыптар Сағат саны Мерзімі
І-тоқсан
1.Қызықты математика туралы түсінік 1
2.Ойнайық та, ойлайық 1
3.Көнілді санау 1
4.Не артық 1
5.Не өзгереді 1
6.Бір не бірнеше заттарды тап 1
7.Көршілерінді ата 1
8.Тауып ал 1
9.«Қарлы кесек» оқыта үйрету ойыны. 1
10.Ұшақтың ұшуы 1
11.Қайталау 1
ІІ-тоқсан
1.Математикалық жұмбақ 1
2.Математикалық жаңылтпаш 1
3.Үйлерге орналыстыр 1
4.Өз жартынды тап 1
5.«Бақытты сәт ойыны» оқыта үйрету ойыны. 1
6.«Қатені тап» 1
7.Шыршаны безендір. 1
ІІІ-тоқсан
1.Санамақ 1
2.Сиқырлы шаршы. 1
3.Ойлаған санды тап. 1
4.«Даналық ағашы» оқыта үйрету ойыны. 1
5.Ойлан тап. 1
6.«Сен-маған, мен-саған» 2
7.Қызықты текше 1
8.Ойлау. Төртінші артықты тап. 1
VІ-тоқсан
1.Математикалық ребус. Бұл не? 1
2.Жұмбақтас. 1
3.Досыңды тап. 1
4.Не өзгерді. 1
5.Математикалық викториналар 1
6.Сиқырлы жұлдызша. 1
7.Кім нені жейді? 1
8.Өткенді қайталау. 1
Барлығы 34 сағ.