Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Медеу Сәрсеке «РӘСІМ»


25 мая 2012, 23:46 | 6 518 просмотров



Сабақтың мақсаты: а) Әнші, сазгер Жаяу Мұса мен Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың жастық шағы жайлы әңгімелеу. ә)Ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту.

б) Өнерге деген құштарлығын арттыра отырып , ұлттық рәсімді сыйлауға , сақтауға баулу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: Жаяу Мұса, Қ. Сәтпаев портреті, кесте Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

2.Өткен сабақты пысықтау:

1.Ойын «Сыр сандығым ашылды»

1.Шымши -

2.Сүйек төсек-

3. Алаша-

4. Жамалбике кімнің анасы?

5.Құрманғазы мен Дина қай жылы кездесті?

6.Құрманғазының қандай күйлерін білесіңдер?

3.Өткен сабақты қортындылау:

7. Қай жылы Париж қаласында өткен бүкілдүниежүзілік жарыста қазақтың халық әндерін танытқан әнші кім?

3. Мақсат қою: Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

5. Жаңа сабақ: Медеу Сәрсекенің « Рәсім» мәтіні.

-Мынау кімнің суреті?

-Қаныш Сәтбаевтың суреті. Имантай әкесі.

-Қаныш Имантайұлы Сәтпаев жөнінде ізденуге берілген болатын, сабаққа дайындалып келдік пе?

Сатылай кешенді талдау: интерактивті тақтамен жұмыс

Қаныш Имантайұлы Сәтпаев

1899 жылы туған

Павлодар облысы, Баянауыл ауданы ауылдық орыс-қазақ мектебінде оқыған

Ғалым, академик

Жаяу Мұса Байжанұлы әнші-сазгер, сал- сері, үш тілді жетік меңгерген, хат танитын, Шоқан Уәлиханов Жаяу Мұсаны нағашым дейтін, туған жері Баянауылдікі.

Сөздікпен жұмыс:

Рәсім- әдет-ғұрпын, салт-дәстүрдің көрінісі.

Рәсімнің түрлері өте көп. Мысал келтіріп кетейін: «Бата», «Базарлық», «Байғазы», «Жеті ата», «Алтыбақан», «Жасау», «Кекіл», «Айдар», «Мойнына бұршақ салу», «Тойбастар», «Жар-жар», «Шарғы», «Қынаменде» тағы басқа көптеген салт-дәстүрдің түрлері бар.

Оқулықпен жұмыс; а) Мұғалімнің оқуы

ә) Мәтінді бөлімдерге бөліп түсініп оқыту.

б)Әр топ мәтіннің мазмұнын айтады 4. Жаңа сабақты пысықтау. Суретке зер сал.

Берілген сурет, мәтіннің қай бөліміне сәйкес келеді?

Тақырып ойлап , әңгіме құрастырыңдар.

5.Жаңа сабақты қорытындылау:

-Балалар осы мәтіннен рәсімдер туралы айтылған ба?

-Кім айтады?

Сәлемдесу - ...

Сырқаттың көңілін сұрау ...

Қолқа салу... Сыныптағы әнші Олжасқа қолқа салып бір сұрайықшы?

Жаяу Мұсаның « Ақ сиса « әнін шырқайды.

Бұйымтай... Сабаққа қатысып отырған мұғалімдерден бұйымтай сұрау.

Әр рәсімнің мағынасын түсіндіріп кетеміз.

Сөзжұмбақ шешу « Рәсім»

1. Атақты әнші сазгер Жаяу Мұса Байжанұлы қай жердікі?

2. Медеу Сарсекенің шығармасы қалай аталады?

3. Жаяу Мұсаның жасы нешеге жақындаған шағы?

4. Жаяу Мұса Байжанұлы қандай адам болған?

5. Қаныш Сәтпаевтің әкесінің аты кім?

6. Үйге тапсырма беру

7. Бағалау.

Автор:
Г.Ж.ДАРХАНОВА, «Тасарық орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»мм-нің бастауыш сынып мұғалімі Сарқан ауданы