25 мая 2012, 23:47 | 3 042 просмотра
Сабақтың мақсаты: өмірде пайдасы туралы түсініктерін пысықтай отырып
«Қозы» өлеңінің мазмұнын түсіндіру, мәнерлеп оқуға машықтандыру. Дауысты дыбыстар оның ішінде жіңішке дауысты дыбыстар жайлы толық мағлұмат беру.
Дамытушылығы: сабақта оқушылардың білім құштарлығын, байқағыштығын арттырып, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелігі: төрт түлік малды күтуге, аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын
Сабақтың көрнекілігі: төрт- түлік малдың суреттері, аңдардың, ағаштың суреті, интер-
активті тақта
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ.Өткен сабақты еске түсіру.
Сөзжұмбақты шешу. Интерактивті тақтамен жұмыс
1.Қамыс құлақ, тастаған тұяқ,
Мінсең-қанат, сүті-дәрі, еті-тамақ
(жылқы)
2. Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
(Қой)
2.Үстінде екі тауы бар,
Өзі қызық жануар
(Түйе)
Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар.
(Сиыр)
Басында таяғы бар,
Төрт аяғы бар,
Иегінде сақалы бар.
(Ешкі)
ІІ. Жаңа сабақ 1.Кіріспе.
-Бүгін біз жіңішке дауыстылармен танысамыз. Жіңішке дауысты дыбыстылармен танысамыз.
Жіңішке дауысты дыбыстар; ә,ө,ү,і,е.
-Қойдың төлін қалай атайды?(қозы)
-Балалар қозы енесінен адасып қалыпты . Енесіне бару үшін мына орманнан өту керек. Орманда көп аңдар бар. Олар қозыға айтады. «Егер сен біздің тапсырмамызды орындасаң, біз сені жібереміз»-дейді. Балалар, қозыға тапсырмаларды орындауға көмектесеміз бе?
2.Қоянның тапсырмасы;
35-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқыңдар. Сөздерден ә,е,ө,ү,і әріптерін оқып,олардың жіңішке болып дыбысталуын аңғарыңдар.
3.Түлкінің тапсырмасы;
36-жаттығуды орындау. Жаңылтпашты көшіріп жазыңдар.
Жаңылтпаш
Қойымыз семіз,
Қозымыз егіз.
Өзіңіз келіп,
Көрсеңіз дейміз.
1.Жіңішке дауысты дыбыс әріптерінің астын сызыңдар.
Сергіту сәті. 1. «Қай мал қайтеді»
2.Үй жануарларының төлдерін тауып, сызықпен қос.
3. Төлді қалай шақырады?
4. Қасқырдың тапсырмасы: «Қозы»өлеңін мәнерлеп оқу.
а)Мұғалімнің оқуы
ә)Оқушыларға оқыту
б)Сөздердегі жіңішке дауысты дыбыс әріптерін атату.
5.Арыстанның тапсырмасы:
1.Қозыны сипаттау. Интерактивті тақтамен жұмыс
Балалар, барлық тапсырманы орындадық, қозы енесіне жетті ме?
Бекіту:
1.Жіңішке дауысты дыбыстарды ата
2. Сөз ойлап, сөз ішінен жіңішке дауысты дыбысты табу.
3.Үлестірме қағазбен жұмыс
4. Қозы туралы не білеміз?
Сабақты қорытындылау:
1.Кестемен жұмыс
2. Төрт түлік малдың адам өміріне қандай пайдасы бар?
Үйге тапсырма.