Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Қаланың ғылыми әдістемелік қызметі


25 мая 2012, 23:49 | 2 273 просмотра


Ізденістер мен шешімдер:

Елімізде жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық жаңарулар, білім беру ісін зайырландырудың күшеюі, оқу пәндерінің ауқымы мен құрамының өзгеруі және оқу тәрбиелеу үрдісіне мұғалімдер көзқарастары мен қарым қатынастарының жаңаша сипаты білім беру жүйесін түбімен жаңарту қажеттілігін алға қойып отыр.Қазіргі заманауи мектеп өз мектептерін жүзеге асырудың әртүрлі жолдарын қарастыруда.Ал, ғылыми- әдістемелік бөлім оқытуды ұйымдастырудың балама тәсілдерінің, нәтижелі іске асуын, бастысы үздіксіз білім беру жүйесін жүзеге асырудың шарттарын ұсынып отыратын тәлімгер және жетекші ретіндегі аға буын болып табылады.

Әдістемелік қызметтің дамуының басты тетігі болып табылатын мыналар:

-мұғалімнің өзін-өзі көрсетудегі, танытудағы, өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін толығымен пайдалана алуындағы қажеттілікті болуы;

-мұғалімнің өзінің кәсіби өсуіндегі қажеттілікті;

-мектеп басшылары мен педагогтардың психологиялық және басшылық білімдерге қажеттілігі;

- мұғалімнің кейбір жаңа тәсілді пайдаланудан заманауи педогогикалық технологияларды сынақтан өткізу мен әзірлеуге, авторлық бағдарламаларды жасауға т.б. көшуі;

Туындаған қажеттілікті ескере және оларға сәйкес өз жұмыстарын бейімдей отырып, мектептер иновацияларды қолдауға, және қолдағы бар дәстүрлі тәсілдерді сақтауға әрі дамытуға бағыт ұстап келеді.

Иновациялық үрдістерді игеру немесе мектептің жаңа даму жүйесіне көшуі дегеніміз, бұл ең алдымен білім беру мекемесінің жаңа сапалы жағдайға көшу деген сөз. Ғылыми- әдістемелік орталық қашанда осы маңызды істің басы- қасында жүруі тиіс.

Білім беру органдарының көп жылдық қызмет тәжірибесі олардың ұйымдық құрылымдарының көптеген жылдар бойғы өзгермейтін, қайталанып отыратын ғана міндеттерді шешу кезінде тиімді болғанын көрсетіп отыр. Біздің ойымызша, басқарудың бейім жүйесін бір-біріне байланысты ұсақ жүйелер кешені құрау керек. Олар: ақпараттық, ғылыми-әдістемелік (зеріттеу), оқу- әдістемелік, аттесттаттау- диагностикалық, нормативтик-құқықтық, қаржылық және материялдық- техникамен қамтамасыз етулер, сонымен бірге әлеуметтік- психологиялық кәсіби қолдаумен құқықтық қорғаудың алғашқы, бастапқы жүйелері болып табылады. Әдістемелік қызметтің, білім беру жүйесі педагогтарының бастамасын өмірге ендіру көп ретте басқару органдарына тәуелді болып келеді.Аттестаттау – диагностикалық қамтамсыз ету –бұл әдістемелік қызмет пен мемлекеттік бақылауды іске асыратын, инновацияларды зерделей отырып, оларды сынақтан өткізетін, сондай-ақ мұғалімдер мен педагогикалық ұжымдардың қызметін шынайы, әділ анықтауға арналған диагностикалық құралдарды жеткілікті басқару органдарының бірлесе әрекет ететін ауқымды жұмысы. Педогогикалық мариторинг,диагносткалық және аттестаттау шаралары білім беру жүйесінің жағдайына баға беруге және оның дамуын ынталандыруға мүмкіндік жасайтын әрекет болып табылады.

Әдістемелік қызмет педогогикалық кадрлар мен мекемелерді мемлекеттік талаптар-

ға сәйкес аттестаттауда ғана емес, сонымен бірге білім беру сапасының жетістік кабинеттерімен нәтижелігін ескере отырып тиісті көмекті көрсете алады. Инновацияның мектеп жүйесі дамуының жалпы сыйпатына сәйкестігіне ғылыми баға беру білім берудің барлық тетіктерінің келісілген және ақталынған әрекеттеріне негіз бола алады. Оқыту- әдістемелік және ғылыми- әдістемелік қамтамасыз етудің кіші жүйелері әдістемелік қызметтің барлық деңгейлері үшін жетекші болып табылады, себебі, бұл модульдерде кәсіби өсуді жетілдіру жөніндегі жұмыстардың негізгі мазмұны және түрі мен тәсілдері үйлестіріліп отырады. Осы жұмыстардың мақсаттық құрылымын жүйелеу әдістемелік қызметтің үлгісін жобалауға тиімді жолдардың бірі болып табылады. Барлық ұйымдастыру құрылымдары оның ішінде әдістемелік қызмет үшінде ортақ нәрсе ол, барлық күш- жігерлері жоғары нәтижелерге жетуге бағытталған ат-қарушылар мен жетекшілердің, топтармен ұжымдардың көзқарастарын, қарым-қатынас-

тарын көрсетіп отырады.

Қалалық ғылыми –әдістемелік бөлім мұғалімнің өздік білім көтеруін ұйымдастыру жөнінде жүйелі жұмыс жүргізуді өзінің басты міндеті деп санап отыр.

Педагогтың өзінің дамуы, оның интелектуалдық, адамгершілік және кәсіби қасиеттерінің дамуы әлеуметтік қоршаған орта деңгейінен әрдайым биік болып отыруы қажет. Бұл мұғалім өзінің қоғамдық қажеттілігін жоғары жеке жауапкершілігін, танымдық белсендігін, өзіне үнемі талдау жасау және өзін-өзі жетіл-діру бойынша жүйелі жұмыс жасау керектігін түсінгенде ғана мүмкін болатын жағдай. Танымдық белсенділіктің, саналы өзін-өзі дамытудың маңыздылығын көрсететін әрекет түрі, бұл- мұғалімнің өздік білім алуы болып табылады. «Өздік білім алу» деген терминді анықтауды әр түрлі ғалымдар өздерінше түсіндіріп бағуда. Г.М. Коджаспированың бағамдануынша « өзіндік білім алу дегеніміз, белгілі бір мақсаттарға жетуге бағытталған, арнайы ұйымдастырылған, өз бетінше жүзеге асатын жүйелі танымдық әрекет, олар: танымдық қызығушылықтарды, жалпы мәдени және кәсіби сұраныстарды қанағаттандыру және біліктілікті көтеру. Өздік білім алу- бұл адамның өзіне ерік- жігерлілік және адамгершілікті түрде өзін-өзі жетілдіру қажеттілігін тудыратын, бірақ осыны өзіне мақсат етіп қоймайтын ақыл –ой және дүниетанымдық өзін-өзі тәрбиелеу жүйесі». Адам өзінің ойлары мен сезімдерін басқа біреу-

ге таңуға болмайды, дегенмен оның белгілі бір әрекет түрінде қызығушылығы мен ұмтылысын қозғауға, мұның ішінде оның өздік білім алуға деген сұранысына ықпал етуге болады, тек бұл істе ғылыми-әдістемелік кабинет жетекшілерінің мұғалімге берер көмегі қажетті әрі уақытында болуы шарт.

Өздік білім алудың қажеттілігін адамға қойылатын талаптардың күннен-күнге күрделеніп бара жатқанын айқын аңғарып отырамыз. Ал ол талаптар-қоғамда болып жатқан үдерістер мен жағдайларға, өзгерістерге тез және бара-бар жауап беру қабілеттілігі, өз әрекетін тез арада басқа арнаға түсіре алатын дайындық көлемі, жаңа әрі күрделі міндеттерді білікті түрде шеше алушылық.

Өзіндік білім алудың мәнінінң өзі үздіксіз білім беру арқылы мұғалімнің өзін-өзі танытып, көрсете алуы, егер оны әрі қарай тереңдете түсіндірсек, ол ақпараттық-компьютерлік технологияны, мәдениетті ақыл-ой еңбегін игеру, қиын мәселелерді шеше алу біліктілігін, өзін өз бетінше жетілдіре алу, мұның ішінде мұғалімнің өзінің кәсібін шыңдай алу қабілеттілігі болып кете барады.

ҒӘБ-нің басты міндеттерінің өзі мұғалімдердің өздік білім алуына тұрақты қажеттілігін қаралыптастыру, олардың жаңа ақпараттар мен тәжірибесін зерделеп отыруға үздіксіз ықпал ету, өз бетінше білім алуға үйрету, мәселелерді шешу үшін оларға жағдай жасау, әр түрлі жағдайларды тиімді тәсілдерді шығармашылықпен қолдануға мүмкіндік туғызу және өздеріне сараптама жасап, талдау жасауға, өзіне-өзі баға жасауға ұйрету. Осыған орай ҒӘБ өздік білім көтеруді қйымдастырудың әр түрлі формаларын қолдануда: мамандар біліктілігін көтеру, оларды қайта даярлау, білім беруді дамыту институттарында, ақпараттық-әдістемелік қызметтерде, лекторийлерде, білім беру жүйесінің тірек орталықтарында, біліктілікті көтеру курстарында, жқмыс істейтін жеріндегі семинарларда, басқа да мектептерде, пәндік-әдістемелік бірлестіктерде, кафедраларда, практикалық конференцияларда осы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылып кетеді. ҒӘБ әрбір мұғалімінің жаңа оқу жылына таңдаған өздік білім көтеру тақырыбына немесе ғылыми зерттеу мәселелерңн қадағалап отырады, сондай-ақ осы тақырыпты зерделеу және жүзеге асыру жөнінде нақтылы ұсыныстар жасап отырады. Осы бағдар тиісті әдебиеттерді іріктеп алу,озат педогогикалық тәжірибе иелерін іздестіру жұмыстары қарастырылады, әрі қарай осы мәселе бойынша алынған мәліметтер мен материалдарды зерделейтін уақыт анықталады, әдебиет көздері сарапталады, басқа мектептердің практикалық тәжірибесімен танысу ұйымдастырылып, тиісті курс-

тарға қатысу жүзеге асырылып отырады. Одан әрі, технологиялар бойынша жұмыстар жасалып, практикалық шаралар қолданыла бастайды, оның ішінде зерделеу тақырыбы бойынша тәжірибелік – эксперименттік әрекеттер де батыл іске аса бастайды. Осылайша өздік білім алу үрдісі сараптаумен, оған сыни пікір берумен және орындалған жұмыс тиімділігіне өзіндік баға қоюмен аяқталады. Егер, педогогикалық әрекеттер түзету қажеттілігі туындаған жағдайда, зерттеу материалдарын жинақтап рәсімдеу үшін қосымша уақыт беріледі. Жұмыстың кезекті кезеңінің нәтижесі болып әріптестер алдында шығармашылық есеп беру аясында бағдарламалар мен дәрістер, сондай-ақ мәжілістердегі, ғылыми -практикалық конференциялардағы, «дөңгелек столдардағы» кездесудегілердегі, «шебер сыныптардағы » баяндамалар т.б. табылады. Бұл жұмыста жаңа оқыту жоспарлары мен курстарының, оның ішінде интеграцияланған, авторлық бағдарламалардың, оқу және әдістемелік оқулықтардың, дидактикалық материалдардың әзірлемелері үлкен қызығушылық тудырып отыр. Осы жинақталған тәжірибелердің барлығын ҒӘБ қалалық есеп беру семинарларына қатысушы мұғалімдер мен мамандарға ұсынып отырады. Осылайша 2010-2011 оқу жылында ашық сабақтар, дидактикалық материалдар, мұғалімдер портфолиолары, ақпараттық қамтамасыз етулер, ұсынылған 24 семинар өткізіледі. Бұл семинарлардың тақырыптары да әр түрлі «Оқу үрдісіндегі ақпараттық- компьютерлік технологияның рөлі», «Мектептегі білім беру саясаты», «Қазіргі технологиялар көмегімен оқу үрдісін басқару» т.б. Бізде әрбір мектептің шығармашылық есебіне терең талдау жасалынып отырады, олардың қорытындылары шығарылып, осы жұмысты жетілдіру жөнінде қала мектептерін инновациялық тақырып боынша біріктіру және мұғалімдердің шығармашылық топтарын таныстыру бойынша нақтылы ұсыныстар жасалынады.

Есеп беру семинарларының нәтижелері бойынша мектептерді диагностикалау жүргізілді, онда төмендегідей мектептер анықталып отыр. Олар: дарынды балар мектебі, инновациялық мектептер, дамыту мектептері.

ҒӘБ- мектеп қызметін бағалау ауқымдары сапасында тарифтік –білікттілік мінездемелерінің талаптарын пайдаланып отыр. Ал, мұның негізінде құзырлық, кәсібилік, қызметтің нәтижелілігі жатқандығы баршаға мәлім.

Ғылыми әдәстемелік қызметтің түпкі мақсаты- оқушы тұлғасын жан-жақты дамыту. Бұл игілікті іске белгілі бір пәнді жүргізу бойынша біріктірілген әдістемелік бірлестіктер, (аралас пәндерді жүргізетін) циклдық бірлестіктер өз үлесін қосуда.

ҒӘБ-нің қызметі мектептің біртұтас әдістемелік тақырыбының мәселелерін шешуге бағытталған. Мысалы, мына тақырыпты алайық: Мектеп оқушыларының сабақ үстіндегі танымдық әрекеттерін басқару. Бастауыш сыныптар мұғалімдері ӘБ-нің тақырыбы-Бастауыш сынып оқушыларына білім берудің бейімдік үлгісін іздестіру, ал, математика пәнінің мұғалімдері Әб-нің тақырыбы- Әр деңгейлік тапсырмалар көмегімен оқу үрдісін басқару т.б.

Қалалық ҒӘБ- оқу үрдісін жетілдіруге арналған: ӘБ-і жөніндегі қағида, ӘБ-і жетекшісінің функционалдық міндеттері, ӘБ-інің іс-қағаздарына болатын құжаттар тізімі, мқғалімдердің шығармашылық топтары туралы қағидалары тәрізді мектеп өміріне қажетті құжаттамаларды әзірлеп, оны қолданысқа енгізіп отыр.

Қалалық ҒӘБ білім беру мекемелеріне жұмыс жүйесінің жоғары деңгейде тұрақты сақталуын қамтамасыз етіп келеді.Аймақ қажеттілігін, педагогикалық кадрлардың жеке мүдделерін, сонымен бірге қазақстандық оңды тәжірибе мен үздіксіз білім беру жүйесінің бүкіл әлемдік үрдістерін есепке ала отырып, әдістемелік қызметті басқарудың тиімді бейім жүйесін жасауда ғылыми -әдістемелік қызмет өз жұмыстарын жандандырудың тиімді жолдарын қарастыра отырып, үнемі алға басып келеді.

Автор:
Н.Е.ЕСКЕНДІРОВ, Талдықорған қалалық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі, ғылыми-әдістемелік кабинетінің меңгерушісі КАЗССР оқу ісінің үздігі Қазақстан Республикасы бақылау ісінің үздігі Ы.Алтынсарин атындағы медалінің иегері