Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Ұстазыма


25 мая 2012, 23:54 | 1 608 просмотров


Білім бердің, жалықпадың сен бізге,

Ойлайтының біз едік күндіз түгіл түнде де.

Ұстаз-ана қарызбын, мен алдыңда,

Кетсемдағы қиял құшып түзге де.

Сенің арқаң, адам болдым ұстазым,

Сыйлаймын өлең сөздің жұпарын.

Аман болып, шарықтаңыз бұл өмірде,

Қалам тербеп, өзіңе арнау тартамын.

Біз кетерміз арман қуып қалаға,

Жетелеген сенсің соған ұстаз-ана.

Ұлылар мен бар адамзат бір өзіңсіз

Тапты ма екен, жанға жайлы басқа пана.

Жас жүректен сізге арнау арналады,

Сіз үшін ол жамандықты қаламады.

Шарықтап, қанат қақсам құз қияға,

Бар жемісім сізге ғана арналады.

Автор:
Қадырғали Жалайыр атындағы № 6 орта мектеп Нұрғали Айдос 9 «б» сынып оқушысы