Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

БОЛАШАҚ БҮГІННЕН БАСТАЛАДЫ


25 мая 2012, 23:54 | 1 802 просмотра



Мамырдың 19 күні Талдықорған қаласындағы №14 орта мектепте «Болашақ бүгіннен басталады» ұраны мен балалар мен жасөспірімдер жиыны өтті. Бұл шараның басты мақсаты балалар бойында патриоттық сезімді ояту, балалар мен жасөспірімдердер ұйымдарының басын қосып, қоғамдық, әлеуметтік, шығармашылық қабілетін дамыту. Жиналыстың педагог-ұйымдастырушы А.У.Адильбаева белсенді қатысып, оқушыларға көмек көрсетті. 135 оқушылар әр сыныптардын 1-10 сыныптар білім алушылар қатысты, оның ішінде 89 – «Жас ұлан», 46 – «Жас қыран» иегерлері.

«Жас ұлан» - әскери–патриоттық клубы.

«Жас қыран» - қазақстандық ерікті студент жастардан кұрал-

ған коммерциялық емес ұйым.

Осы күнге дейін атқарып келген мейірімді істеріңіздермен, қайырылымды қадамдарыңызды, тәуелсіздік еліміздің болашақ үшін талай игіліктер атқаратын балалар. Кең байтақ елімізде ұландар жұдырықтай жұмылып болашақтың өркендеуін бірге қалайтын болады.

2011 жылы 11 ақпанда Халықтық Демократиялық «Нұр Отан» партиясының XIII съезді болды. Онда Елбасы Н.А.Назарбаев «Жас ұлан» және «Жас қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымын құру екендігін айтты.

2011 жылғы 6 шілдеде жастар ұйымындарының бірлестігімен білім және ғылым министрі және «Нұр Отан» халық демократиялық партиясының тікелей қолдау-

ымен тұнғыш рет біртұтас балалар мен жасөспірімдер ұйымы құрылды.

Талдықорған қаласындағы өткен шараның ең кіші «Жас қыран» белгі иегерлері 1 «Ә» сынып оқушылары болды. 28 оқушылардан 3 бала төс алқа белгісін алды. Соның біреу Сансызбай Абзал өзінің білімге құштарлығының арқасында сынып әріптестерінің алды болып, алғашқы «Жас қыран» атағын иеленді. Кішкентай Абзал болашақта еліміздің ер жүрек азаматы, жігерлі жанашыры, ата-анасының үмітін ақтар адам болуды армандайды.

Республикалық «Болашақ бүгіннен басталады» шарасы соңында оған қатысқан оқушылар «Жас қыран», «Жас ұлан» қатарына қабылданды. Олар барлығы оқуда озат, тәртіпті, мектептің қоғамдық жұмыстарына белсенді қатысқан, ерекше іс атқарған оқушылар.

- «Жас қыран» белгісін алғанымды мақтан тұтамын. Келешекте бір мамандықтың иесі боламын» - дейді Сансызбай Абзал.

Автор:
Светлана КОНДРАТЕНКО