25 мая 2012, 23:55 | 2 491 просмотр
1.Білімділік: Оқушылырмен отбасы мүшелері жөнінде әңгіме жүргізу, сұрақтарға жауап бергізу, үндестік заңы туралы түсінік.
2.Дамытушылық: Оқушыларға әңгіме құрастыру арқылы үндестік заңын түсіндіру және тіл байлықтарын, сөздік қорын арттыру. Қазақ тілінде сауатты және әдемі жазуға дағдыландыру.
3.Тәрбиелік: Оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру. Отбасы мүшелерін сыйлай білуге үйрету.
4.Әдіс – тәсілдері: сөздік, баяндау, сұрақ – жауап, ойын, саралап оқыту.
5.Қолданылатын әдебиеттер:
1.Қазақ тілі оқулығы 5 – сынып Алматы «Атамұра» - 2005 ж.
2.«Дидактикалық материалдар» Алматы «Мектеп» - 2004 ж. Г. Байтілеуов, Г. Боранбаева
3.«Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» журналы
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Көрнекіліктер: Оқулық, үлестірмелі таратпалар, кестелер, суреттер, сызба қағаздары, буклет.
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сынып тазалығына көңіл бөлу.
2.Оқушыларды түгендеп, журналға белгі соғу.
3.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
4. Ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту үшін келесі сұрақтар қойылады:
-Кім кезекші?
-Бүгін аптаның қай күні?
-Ауа райы қандай?
-Көңіл- күйлерін ше?
-Қазір жылдың қай мезгілі?
II.Сергіту сәті.
«Жалғау» атты группалық ойын
Ойын шарты:
Берілген сөздерге кезекпен көптік жалғауын жалғау.
қала... аялдама....
көше... үй...
бағыт... базар...
дүкен... мектеп...
алаң.... отбасы...
жер... қоғам...
III.жаңа сабақ
а) мәтінмен жұмыс.
Менің отбасымда 5 адам бар. Олар: әкем, анам, ағам, сіңлім және мен. Менің әкем- дәрігер. Анам – ұстаз. Ағам – студент. Сіңлім– оқушы. Мен – оқушымын. Біздің отбасымыз өте тату.
ә) Үндестік заңы.
Үндестік заңы бойынша:
1.Қазақ тілінің сөздері не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болады.
Мысалы: ата, әже, шеше, әке
2. Сөздің соңғы буыны жуан болса, оған жуан қосымша жалғанады.
Мысалы: ата + лар, ана+ лар
3.Сөздің соңғы буыны жіңішке болса, оған жіңішке қосымша жалғанады.
Мысалы: әже + лер, әке + лер
4.
....к шелек’! шелегі
.....п + дауысты сынып’! сыныбы
....қ парақ ’! парағы
б. сөздік жұмысын жүргізу
шеше - мама
әке – папа
сіңлі – младшая сестра (ей)
қарындас – младшая сестра (ему)
іні – младший брат
әже – бабаушка
ата – дедеушка
жақын – близкий, родной
тату – дружный
құрмет көрсету – уважать
IV.Сызба бойынша сөз тіркестерін құру.
Отбасы мүшелері
1.Атам диванда отыр.
2.Әжем қолғап тоқып отыр,
3.Біздің отбсымыз қалада тұрады.
4.Әкем мен шешем теледидар көріп отыр.
V.Сабақты қортындылау.
Қима қағаздар арқылы оқушылардың алған білімін қортындылау
VI.Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
1.Үндестік заңы дегеніміз не?
2.Отбасы мүшелерін ата?
3. Сіздер отбасы мүшелерін құрметтейсіз бе?
4. Сөздің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымша қандай?
VII.Оқушыларды бағалау.
VIII. Үйге тапсырма беру:
1) сөздікті жаттау
2) «Менің отбасым» шығарма.