Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Excelпрограммасында диаграммалармен жұмыс


25 мая 2012, 23:56 | 1 598 просмотров



Сабақтың мақсаты:

а) Бiлiмдiлiк. Оқушыларға Еxcel программасында диаграммаларды қолдануды үйрету.

ә) Дамытушылық. Оқушыларды компьютерлiк программалар туралы түсiнiктерiн, электронды кестенiң қолдану дағдыларын дамыту.

б) Тәрбиелiк. Оқушыларды бiлiми белсендiлiкке, Еxcel программасын сауатты пайдалануға тәрбиелеу.

Сабқјтың түрi: Жаңа бiлiмдi түсiндiру.

Сабқјты жүргiзу әдiсi: Сұрақ- жауап, баяндау.

Сабақта пайдаланатын көрнекiлiктер: Оқулықтар, карточкалар.

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру, назарларын сабаққа аудару.

ІІ. Оқушы бiлiмiн жан-жақты тексеру.

Балалардың бiлiмдерiн сынау мақсатында сыныпқа төмендегiдей сұрақтарды қойып, алдыңғы сабақтағы танысқан материалдарды қайталап өтемiн.

1.Еxcel программасын iске јосу.

2.Электронды кесте құрылысы.

3.Еxcel программасында формула жазу тәртiбi.

4.ұяшық адресiн салыстырмалы түрде жазу.

5.ұяшық адресiн абсолюттi түрде жазу.

6.Кестемен жұмыс (жол, баған немесе бет қосу, өшiру амалдары).

ІІІ. Жаңа материалды игеруге дайындық.

Диаграмма – сандық мәлiметтердi көрнекi бейнелеу тәсiлi. Еxcel программасында сандық мәлiметтердi өңдеп қана қоймай, оларды диаграмма көмегiмен көрнекi бейнелеуге де болады. Программада диагармманың бiрнеше түрiн қолднауымызға болады. Олар мысалы шеңберлiк диаграмма, цилиндрлiк, конустық, пирамидалық, гистограмма т.б.

IV. Жаңа сабақты түсiндiру.

Диаграмманы орналастырудың екi жолы бар.

Бiрiншiсi: Вставка => Диагармма.

Екiншiсi: құралдар тақтасынан таңбасын басамыз.

Экранда сұхбат терезесi ашылады. Мұнда ұсынылған диаграмма түрлерiн өзiмiзге ыңғайлысын таңдаймыз. Бұл терезе диагармма жасау жолындағы бiздiң бiрiншi қадамымыз. (Терезенiң тақырып жолында «Мастер диаграмма (шаг 1 из 4) сөзi шығып тұрады.) Екiншi қадамға ауысу үшiн «Далее» батырмасын басамыз.

Келесi қадамымызда диаграмманы салу үшiн қолданылатын сандар орналасқан ұяшықтар ауданы көрсетiледi. Қолданушы диаграмма салуға қажеттi сандарды диаграмма салардан бұрын белгiлеп берсе, немесе осы терезедегi «Диапазон» жолына жазып беруiне болады.

Үшiншi қадам, мұнда диагармманың салыну тәртiбiн, тақырыбын көрсетемiз.

Диагармма салудың соңғы қадамында жасалған диаграмманы ағымдағы бетке немесе “Диаграмма1” атты жеке бетке орналастыру қажеттiлiгiн көрсетемiз.

Оқушылардың қолдарына тапсырмалар таратып берiп, оның орындалу тәртiбiн түсiндiремiн.

1 тапсырма.

Халық санының өсуi.

2 тапсырма.

Планеталардың күннен қашықтығы.

V. Жаңа бiлiмдi пысықтау.

Оқушыларға жоғарыда көрсетiлген тапсырмаларды орындатқызып, осы сандарға диаграмма сыздыр-

амын. Тапсырманы орындағанда жiберген қателерiмен жұмыс жүргiземiн. Түсiнбеген тұстарын қайталап өтемiн.

VI. Сабақты қорытындылау:

VII. Оқушы бiлiмiн бағалау. Үйге тапсырма беру.

Сабаққа белсендi қатынасып, тапсырмаларды үздiк орындаған оқушылардың бiлiмдерiн бағалап, сынып-

қа хабарлаймын.

VIIІ.Үйге тапсырма беру.

Автор:
М.Ж.УШАКПАЕВА, Қадырғали Жалайыр атындағы №6 орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Шеңгелді ауылы Қапшағай қаласы