25 мая 2012, 23:57 | 2 208 просмотров
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік
Оқушылардың сурет салу редакторында жұмыс істеу шеберліктерін қалыптастыру.
2.Дамытушылық: Редактордың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, пәнге деген қызығушылығын арттыру, өз ойын еркін жет-кізе білу дағдыларын дамыту.
3. Тәрбиелік
Тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Компьютер, карточкалар
Сабақ түрі: аралас сабақ, сайыс сабақ
Сабақтың барысы: Оқушыларды екі топ-
қа бөліп, сайыс мақсатымен және өту ретімен таныстыру.
1-сайыс: «Кім білімді» сайысы өткен тақырыптарға байланысты карточкалар (деңгейлік тапсырмалара) беріледі.
Жаңа сабақты түсіндіру
Редактордың командалары. Орындатпау командалары. Егер бір жұмыстарың ойдағыдай болмаса, ренжімеңдер. Соңғы үш әрекетті әрқашан орындамауыңа болады, ол үшін орындатпау (отменить) командасын пайдаланамыз. Правка- Отменить командасын орындау соңғы әрекетті ғана орындатпайды. Ал оның алдыңғы әрекетті болдырмау үшін, отменить командасын тағы бір рет пайдалану керек. Осы сияқты үшінші әрекетті де орындауға болады.
Қайталау командасы. Егер бір әрекетті қайталау қажет болса, онда оны Правка- Повтарить командасын орындап, орындаудан алып тастаған әрекеттерді қайталауға болады.
Суретті қалай сақтаймыз. Салған суретті, графиктерді кейін қажет кезінде пайдалану үшін дискідегі файлда сақтаған жөн. Пайнт бағдарламасында құжатты бірінші рет сақтап қою үшін Файл-Сохранить как командасын орындаймыз. Сонда экранға Сохранить как диалог терезесі пайда болады. Имя файла өрісінде файлға ат беріп, Сохранить как командасын орындаймыз. Сурет алғашқы атымен сол файлда сақталады.
Мәтіні бар сурет салу. Суреттің үстіне мәтін салу үшін, төмендегі әрекеттерді орындаймыз:
1.Надпись (жазу) құралын таңдау
2.Мауспен мәтін жазылатын төртбұрышты жақтау салу
3.Мәтінді енгізу
4.Егер Шрифті құрал- саймандар тақтасы жоқ болса, онда оны Вид- Панель атрибутов тесста командасын қосу арқылы таңдау керек.
5.Мәтін жақтаушасының сыртына шерту.
Суретті ашу. Дискіде сақтаулы суретті ашу үшін Файл- Открыть командасын орындау керек. Экранда диалог терезесі ашылады, онда меңзерді қажетті файлдың атына орналастырып, екі рет шерту.
2-сайыс «Кім суретші» «Қыс» тақырыбында компьютерде сурет салу
3-сайыс «Кім жылдам» (қорытынды кезең)
1-тапсырма
Мысық сұрақ қояды. Мысық қатарынан бірнеше күн Пайнт графикалық редакторында сурет салды. Ол оны күшіктің туған күніне сыйламақшы еді. Сурет дайын болар кезде, мысықтың бояуы төгіліп суретті жауып кетті. Басқа сурет салғанға мысықтың уақыты жоқ. Ол қатты ренжіді. Оған қалай көмектесеміз?
Соңғы әрекетті қалай қайырамыз?.......
Кеңес бергендеріңе мысық өте риза болды. Оның қуанғаны соншалық, бір рет орындаудың орнына үш рет орындап, суреттің маң-
ызды бөліктерін жоғалтып алды. Ол тағы жылап отыр. Сенің көмегіңді күтеді.
Орындатпаған әрекетті қалай кері қайта-
руға болады?.......
2-сұрақ
Суретті қалай сақтаймыз?
3-сұрақ
Мәтіні бар суретті қалай салады?
4-сұрақ
Суретті қалай ашады?
4-сайыс «Кім тапқыр» сайысы (Сөзжұмбақ шешу)
1.Пайнт қызметі ….. салу
2.Суретке мәтін ендіру құралы
3.Жазба әріптерді үлкен әріптерге өзгертетін перне.
4.Келесі жолға түсу пернесі
5.Пайнт терезесінің төменгі сол жағында түстер таңдайтын көрсеткіш
6.Графиктік редактор
Үйге тапсырма.
Бағалау.