Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Аналар мерекесі»


25 мая 2012, 23:59 | 3 241 просмотр



Мақсаты: Балалардың мерекелік көңілін көтеру, өздерінің ойларын еркін ортаға салуға, тақпақ, әндерді анық нақты нақышына келтіре айтуға үйрету. Бір – бірін сыйлауға тәрбиелеу.

Көрнекілік: Ойыншықтар, күтабақ, шар, жалауша.

Көрме: Балалардың жұмысынан.

Жүргізуші: Балалар, бүгін аналардың (мерекелері) әжелерді, қыздардың, әпке қарындастарыңның мерекелері! 8 наурыз «Халықаралық аналар күні: Мерекелеріңіз құтты болсын! Қадірлі аналар! Әрқашан көңілдерің мынау ашық аспан сияқты таза болсын! Жүздеріңізден күлкі нұры кетпесін! Сіздерге ұзақ өмір, шат көңіл, жемісті еңбек тілейміз!».

Кел, балалар

Ойын ойнайық!

Мектебімізде аналар күнін

Бірге тойлайық

Кел, белелер

Ән де салайық

Аналардың мейрамын

Қуанышпен қарсы алайық!

Жүргізуші: Мерекені ән шашудан бастаймыз.

Алақай-ау, алақай!

Ән шырқайық, балақай!

Қызарғанша алақан,

Қол соғайық балақан!

Ән «Балақан»

Жүргізуші: Бүлдіршіннің сөзі қандай тәтті еді. Тақпағын мерекеге алып келді.

Тақпақтар

Біздің топта бүгін той,

Аналардың мерекесі біліп қой.

1. Әсем: К. Еркелеймін, шаттанам, Жарқын күлкің – бақ маған, Ақ бетіңнен сүйейін, Келші-келші, келші-келші, ақ мамам.

2. Әйгерім: Бал бөбегін баптаған, Мамам үшін мақтанам. Ақ бетіңнен сүйейін, Келші-келші, келші ақ мамам!

3. Серікхан: Бізді өсіріп баптаған, Жақсы болсақ шаттанған. Алтыным – деп мақтаған, Айналайын, ақ мамам!.

4. Ақсұлтан: Түнде сергіп жатпаған, Күндіз тыным таппаған. Бізсіз тамақ татпаған, Айналайын, ақ мамам!

5. Нұрсұлтан: Әр сөзіңді жаттағам, Жүрегімде сақтағам. Анашым деп мақтанам, Айналайын, ақ мамам!

6. Альмира: Құшағыңа кіргенде, Жылынамын бір демде.Не жетеді көзіңе, Мейірімді күннен де.

7. Ильяс: Үн қатасың бал тілмен, Еркелеймін әр күн мен. Құттықтаймын, анашым, Сегізінші Наурызбен!

8. Сезім: Енді мен үлкен боламын, Ананың тілін аламын. Әжемнің барлық айтқанын, Миыма құйып аламын.

9. Ельназ: Әкелген гүлді сый көріп, Қолыма алдым именіп. Жұмыста жүрген анама, Хат жазған әріп үйреніп.

10. Бекжан: Сәбимін жеткен, жетіккен, Кешпеймін суды етікпен. Ауылда жүрген апама, Хат жазам өлеңдетіп мен.

11. Әли: Әжем мені, өйткені, Өте жақсы көреді. Өскенде мен ал, енді, Аралаймын әлемді.

12. Назым: Сыйлық әкеп әжеме, Таңғалдырам бар елді. Өте жақсы көремін, Өйткені, мен әжемді.

13. Толқынай: Әлемнің жарығын, Сыйладың сен маған. Даланың әр гүлін, Жинадың сен маған.

14. Айым: Өтеуге борышым, Анашым жан сырым. Іздедім сен үшін, Әлемнің асылын.

15. Гүлім: Әлемнің байлығын, Сыйлар ем, кеш мені, Сыйлар ем ай, күнін, Қолыма түспеді.

16. Ельдар: Ете гөр қанағат,Әзірге берерім – Балалық махаббат,Балалық жүрегім.

17. Наргиз: Бол риза, анашым,Қолдағы осы бар.Өзіңе арнаған,Әнімді қосып ал.

18. Диас: Әлдилеп, аялап,Өсірген жемісің, Самал жел, сая бақ – Құшағың мен үшін.

19. Сабрина: Есейіп кетсесм де, Мен саған сәбимін. Көңіліңді көктемдегі, Көзіңнен танимын.

20. Мақсұт: Бөбегің оянса, Ұйқыңнан мың тұрдың, Гүліңмен балауса, Көктемдей құлпырдың.

21. Глеб: Аялап алақан, Әлпештеп өсірген. Аяулы жан анам, Қатемді кешірген.

22. Рамазан: Мереке күніңмен, Қарсы алам өзіңді. Сәбилік үнімен, Арнаймын сөзімді.

Президент. Қазақстан Республикасының рәміздері

23. Динара: Тәуелсіздік жолында Талай-талай тер тамған Билігім өз қолымда, Еркіндігім – Елтаңбам.

24. Мөлдір: Көк аспандай көгілдір, Қазақстан байрағы. Нұрын күндей төгіп тұр, Жылдарымыз жайдары.

25. Аяжан: Отан деген – атамекен, Отан деген туған жер. Отан – ана, Отан – үлкен Қазақстан – туған өлкем.

Ән ұран: «Менің Қазақстаным»

Жүргізуші: Талшыбықтай бұралған,

Қазағымның қыздар-ай.

Сүйсіндірген биімен, әнімен.

Өнерлі ғой қыздар-ай.

Ән: «Айналайын анашым» Айым, Гүлім, Әсем.

Қыздар билейді. Би: «Қамажай»

Жүргізуші: Сахнада қалықтасын ән қанат,

Дүр сілкінтіп үлкен-кіші жамағатты.

Ортаға шақырамыз жігіттерді,

Әнші жігіттер Ильияс, Нұрсұлтан, Ақсұлтанды.

Ән: «Шоқ қыздар»

Жүргізуші: Өнерлі ғой балалар,

Көңілдері пәк, жайсаң.

Би де билеп береді,

Әнді қосып қаласақ.

Ән: «Төлдер» әні

Жүргізуші: Ойын, күлкі, той-думан,

Әсем ән мен сәнді би.

Асығыңдар алыңдар,

Бәрі бізден табылар.

-деп, өнерлі жігіттерімізді ортаға шақырамыз.

Би: «Матростар» биі

Ән: «Домбырасыз ән қайда» Динара

Би: «Қара жорға»

Жүргізуші: Балалар бүгін күн қандай керемет. Барлықтарыңның көңілдерің көтеріліп қуанышқа кенелдіңдер. Құрметті, Аналар! Әрқашан жүздерің жарқын болсын!

Барлығымыз қосылып: «Ойыншықтар» әнін орындайық.

Сыйлықтарын тарату.

«Ойыншықтар»

І.Біздерде бар қуыршақ,

Бұзау, қозы, құлыншақ.

Ойыншықтар тыңдайды,

Әмір беріп бұйырсақ.

ІІ. Қуыршақтар ұйықтайды,

Айтқаныңнан шықпайды.

Ал қозы мен қуыршақ,

Ұйықта десең ұқпайды.

ІІІ.Тыңдамайды ұрысса,

Осылары дұрыс па?

Тентектігін тыймаса,

Тұрғызамын бұрышқа.

Автор:
А.Қ.ТУТКУМБАЕВА, бастауыш сынып мұғалімі. Қадырғали Жалайыр атындағы № 6 орта Мектеп