Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Шақтық формаларды салыстыра оқыту


25 мая 2012, 23:59 | 55 599 просмотров


Соңғы жылдары жинақталған тәжірибиеге сүйенсек, ғалымдар шетел тілін оқытуда оқушылардың ана тілінің ерекшеліктерін шетел тілін оқыту барысында тиімді, тиімсіз ықпалын ескергенде ғана тіл уйрету жолында жақсы нәтижерелерге жетуге болатынын көрсетеді. Өйткені, баланың ана тілі шетел тілін меңгеруге елеулі ықпал етеді.Сондықтан шетел тілін ана тілі негзінде салыстыра оқытудың маңызы зор. Сондай-ақ шетел тілін оқытуда ана тілін аластау емес,қайта оқушылардың ана тілін мегерудегі тәжірибесіне сүйену керек.

Етістік (глагол, verb) – грамматиканың күрделі бір саласы. Етістіктің қимыл, іс-әрекетті білдіретіндігі мәлім. Ал іс- әрекет, қимыл белгілі бір кезеңде іске асады, орындалады. Қимылдың өту кезеңі сөйлеушінің хабарлау кезімен немесе сөйлеп тұрған сәтімен ай-

қындалады.Сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың өту кезеңін білдіру етістіктің шағы деп аталады. Сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың шақтық мағынасы мынадай болуы мүмкін : үнемі қайталанып тұратын, дағдыға айналған іс – қимыл, сөйлеп тұрған кезде болып жатқан іс- қимыл, сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып кеткен іс – қимыл, сөйлеп тұрған кезде әлі болмаған, бірақ кейін болуға тиіс іс – қимыл.

Ауыспалы осы шақ қазақ тілінде екі түрлі мәнде қолданылады: бірде дағдылы іс-қимылды білдіріп, осы шақ мағынасын берсе, енді бірде алда болатын іс-қимылды білдіріп, келер шақ мағынасын береді. Сондықтан да осы шақтың бұл тұлғасы ауыспалы деп аталады. Ережесін түсіндіріп болып, оны ағылшын тілімен салыстырамын. Мен The Present IndefiniteTense is used:

1. to denote the action which is permanent or habitual.

Murat goes to school every day – Мұрат күнде мектепке барады

1. go to the library every day – Мен күнде кітәпханаға барамын

2.to denote general truths:

My friends studies at Moscow University – Менің досым Мәскеу университетінде оқиды.

The sun sets in West – Күн батыста батады.

3. with the verbs of motion with regard to the nearest future.

They come at 5 tomorrow – Олар ертең сағат 5-те келеді

We go to the theatre in the evening – Біз театрға кешкілік барамыз.

Сонымен қатар, The Present IndefiniteTense-тің қазақ тіліндегі ауыспалы осы шақпен сәйкес келетіндігін көптеген мысалдар келтіре отырып, оқушыларға екі тілдегі сәйкестілікті түсіндіремін.

Нақ осы шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтте болып жатқандығын білдіреді. Бұл ереже қазақ тілі мен ағылшын тілінде де бірдей екендігін айта отырып, оның жасалу жолын ұғындырамын. Мысалы, нақ осы шақ - The Present Continuous Tense жасалады.

The Past Indefinite Tense –те уақытты білдіретін анықтауыш сөздер қолданылады. Ағылшын тілінде де солай екендігінде сабақ барысында айтамын. Мысалы: yesterday – кеше, - last week (year) - өткен аптада (жылы), т.б.

Ағылшын тіліндегі шақтың екінші бір түрі - The Present Perfect Tense . Бұны қазақ тіліндегі бұрыңғы өткен шақпен салыстыра өтілгенін дұрыс деп есептеймін. Яғни, The Present Perfect Tense-тің бұрынғы өткен шақпен байланыстырыла өтілуін Р.Сарсенбаева өзінің «Методические руководство к использованию учебников английского языка в школах с казахским обучения» кітабында жазған.

Бұрынғы өткен шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен салыстырғанда әлдеқайда бұрын болғандығын білдіреді. Бұл оның қазақ тіліндегі ережесі. Ал, ағылшын тілінде The Present Perfect Tense is used:

1.To express the completion of an action by now. That is why we are not interested in when the action took place; we are interested in the completion of action by now and its effect on present events. This is probably the commonest use of The Present Perfect Tense.

Қазақ тіліндегі бұрыңғы өткен шақ екі түрлі жолмен жасалады.

1.Бұрынғы өткен шақ көсемшенің –ып, -іп, -п тұлғалы жіктелуінен жасалады: (мен) бар-ып-пын, (сен) барыпсың, (ол) айтыпты.

2. Бұрынғы өткен шақ –ған, -ген, -қан, -кен тұлғалы есімшенің жіктеліп келуінен жасалады: (мен) барғанмын, (сен) келгенсің, (ол) айтқан.

(мен) барыппын – I have gone.

(сен) келіпсің – You have come

(ол) айтыпты – He has said

Бұрынғы өткен шақ -ған, ген, -қан, -кен тұлғалы есімшеге немесе - ып, -іп, -п тұлғалы көсемшеге (еді), (екен) көмекші етістігі арқылы жасалады. Мұндай күрделі түрінде (еді, екен) көмекші етістігі ғана жіктеледі.

Ағылшын тілінде аударғанда:

I have read; We have read

You have read; You have read

She has read

He has read; They have read.

The Present Perfect Tense –тің ағылшын тіліндегі жасалу жолы көмекші етістік to have осы шақтағы формасы, Participle II негізгі етістіктің формасы:

Has /have + Participle II. I have read this novel.

Қазақ тіліндегі сияқты көмекші етістік жіктеледі. Үлгісі мынандай:

I have come; We have come;

You have come; You have come;

She has come;

He has come; They have come.

Қазақ тілінде:

Мен келген едім (келгенмін); Біз келгенбіз (келіп едік);

Сен келген едің (келгенсің); Сендер келгенсіңдер (келіп едіңіздер);

Сіз келгенсіз келген (едіңіз);

Ол келген еді (келіпті); Олар келіпті (келіп еді).

The Present Perfect Tense –ті қазақ тіліндегі жедел өткен шақпен салыстыра отырып түсіндіру және аудару арқылы оқушылырдың осы шақтық форманы дұрыс қолдануына, түсінуіне қол жеткізуге болады. Сөйлемдерді ағылшын және қазақ тілдерінде салыстырып, көп жағдайда шақтардың бір-бірмен айырмашылығын, ұқсастығын түсіндіре отырып, оқушылардың іс-жүзінде қолдануын кеңейте аламыз.

The Future IndefiniteTense – Келер шақ.

I shall go there – Мен онда барамын

Ағылшын тіліндегі The Future IndefiniteTense shall, will көмекші етістігі және негізгі етістік арқылы жасалады: Shall read – оқимын.

Ана тілі шәкіртке үйреніп жүрген тіл ұқсастықтарымен қатар айырмашылықтарын да анықтауға көмектеседі. Оның үстіне бұл тілдің барлығының жалпы теориялық негіздері бір-біріне ұқсас. Мәселен, шетел тілдерінің қай-қайсысында да фонетика, лексика,грамматика өтіледі. Л.Ляховицкий өзінің «неміс тілін оқытудың негіздері» еңбегінде былай дейді: « Шетел тілін меңгеруде ана тілінің ерекшелігін білу студент үшін жаңа тілде кездесетін қиындықтарды түсіну үшін өте қажет. Тек қана ана тіліне сүйене отырып, кездесетін қиындықтарды түсіну өте қажет. Шетел тілінде бір типтес жаттығулар жасау арқылы сабақта ана тілін қолданбауға болады, бірақ та ана тілі оқушылардың санасында сақталады. Сондықтан қажетті уақытта шетел тілін меңгеруде ана тілі жақсы көмекші бола алады. Ал, егер сабақта ана тілінің ерекшеліктеріне көңіл бөлмесек, оқушылардың шетел тілін меңгеруіне үлкен зиян келтіруі мүмкін. Яғни сабақ тек шетел тілнде ғана болса, оқушылар ушін түсініксіз тілдік материалдардың саны көбейе түсіп, ал оқушының шетел тілін меңгеруге қызығуын төмендетеді ».

Автор:
А.Н.МУСАБАЕВА, ағылшын тілі пәні мұғалімі Н.Есеболатов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығы Ақсу ауданы