Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

РАЦИОНАЛ САНДАРҒА АМАЛДАР ҚОЛДАНУ


25 мая 2012, 23:59 | 3 678 просмотров



Сабақтың мақсаты:

1. Рационал сандарға амалдар қолдану тарауынан алған білімдерін қайта пысықтау, толықтыру;

2.Оқушылардың ойлау, есте сақтау, жалпы қабілеттерін дамыту;

3.Оқушыларды математикалық дәлдікке, сауаттылыққа, шапшаңдыққа, адамгершілікке баулу.

Сабақтың түрі: білімді жүйелеу, сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырма

Көрнекілігі: ту, фигуралар, тірек-сызбалар, нақыл сөз, координаталық түзу, семантикалық карта.

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, геометрия

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру:

1.Сәлемдесу

2.Түгендеу

3.Сыныпты екі топқа 1. «Оң сандар»

2. «Теріс сандар»

ІІ. Мақсат қою: Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту

ІІІ. Кіріспе сөз:

Ақыл – шырақ қара түнді ашатын,

Білім – жарық нұрын соған шашатын

ІҮ. Қызығушылықты ояту:

«Сиқырлы квадрат» сұрақтарға жауап беру

Ү. Мағынаны тану стратегиясы

«Рационал сан еліне» саяхат

Есептерді тақтада шешіп, шыққан мәнін координата жазықтығына белгілеу. Сонда «пропорция» деген сөз шығады. Анықтамасы мен негізгі қасиетін сұрау. Қасиеті: шеткі мүшелерінің көбейтіндісі ортаңғы мүшелерінің көбейтіндісіне тең.

ҮІ. Сергіту стратегиясы

Семантикалық карта

1-топ «+» және «-» таңбасын бірінші рет енгізген ғалым.

1489ж чех ғалымы Я.Видман.

2-топ «*» және «:» таңбасын енгізген ғалым.

1684ж «:» және 1698ж «*» таңбаларын неміс ғалымы Г.В.Лейбниц енгізді.

ҮІІ. Ой қозғау стратегиясы

«Эстафета» қолдағы туды бір-біріне беру арқылы есептер шығару

ҮІІІ. Сабақты бекіту. Тест тапсырмаларын орындау.

ІХ. Сабақты қорытындылау. Венн диаграммасы

Х. Оқушыларды бағалау

ХІ. Үйге тапсырма

Автор:
Шынар БАТЕЕВА «Көкөзек орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесінің математика пәнінің мұғалімі Сарқан ауданы