Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ПАВЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНДЕ НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ Р. МАНДЕЛЛ АТЫНДАҒЫ АУДИТОРИЯ АШЫЛДЫ


25 мая 2012, 23:59 | 2 102 просмотра



Мамырдың 22-сі күні Павлодарға келген Нобель сыйлығының лауреаты Роберт Манделл бірінші дәрісін оқыды, -деп хабарлады ПМУ-нің баспасөз қызметі.

«Келесі дәрісте әртүрлі мемлекеттердің дағдарысқа қарсы стратегиясы туралы мәселелер айтылып, доллар, еуро, мүмкін юань валюталар-

ының өзара әрекетін талқылайтын боламыз»,-деді ғалым.

Р. Манделл - әлемдік ақша жүйесі мен валюталық қатынас саласында жетекші маман. «Оңтайлы валюталық зона» теориясын қалыптастырғаны үшін ол 1999 жылы Нобель сыйлығының иегері атанды.

С. Торайғыров атындағы мемлекеттік университеттің ректоры, профессор Серік Өмірбаев атақты ғалымға «Павлодар мемлекеттік университетінің құрметті профессоры» атағын берді.

Университетте Нобель сыйлығының жүлдегері А. Манделл атындағы оқу аудиториясының ашылу рәсімі өтті.

Автор:
Подготовил Бейбит МАМЛЕЕВ