Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Жаз - 2012»


25 мая 2012, 23:59 | 1 787 просмотров


Алматы облысындағы «Жаз - 2012» арнайы бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Өңірдегі аз қамтылған отбасыларының және жетім балаларды жазғы демалыспен қамту үшін 73 миллион теңге бөлінген.

Облыстық білім беру басқармасының мәліметтері бойынша бүгінде аймақта 22 тұрақты балалар лагері жұмыс істейді. Балаларды сауықтырудың 2011-2013 жылдардағы бағдарламасының аясында облыстағы Іле, Алакөл, Көксу, Сарқан және Панфилов аудандарында, сондай-ақ Қапшағай қаласында бірқатар қала сыртындағы лагерьлерді салып, пайдалануға беру жоспарлануда.

Текелі қаласындағы «Алтын Шажа» лагерінің өзінде ғана мемлекеттік тапсырыс бойынша 250 аз қамтылған отбасылардан шыққан және жетім балалар демалады.

Бағдарлама шеңберінде облыс орталығының он сегіз жалпы білім беретін орта мектептерінде мектеп жанындағы лагерьлер жұмыс істейтін болады. Онда 2781 бала қамтылмақ. Мектепішілік лагерьлерде үш реттік ыстық тамақ та ұйымдастырылады.

Автор:
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ