Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Заттың санын білдіретін сөздер. "Үш би. Мақал"


8 июня 2012, 01:02 | 3 964 просмотра


Ана тілі .Тақырыбы. Заттың санын білдіретін сөздер. "Үш би. Мақал"

Мақсаты: 1. Заттың санын білдіретін сөздер қанша? неше? Ұғымы туралы білімдерін пысықтау. Қазақтың үш биі туралы мағлұмат беру.

2. Жаттығулар орындау арқылы оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекі-құралдар: үш би суреті, сұрақтар,

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, , әңгімелеу

Пән аралық байланыс: математика

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру

-Бүгін сендер сабаққа келе жатқанда ашық күнге, табиғаттың әсемдігіне қарап көңіл- күйлерің көтерілген болар. Біз сабағымызды бір-бірімізге күлімдеп қарап жақсы ниетпен бастайық.

1. Ұранымыз: «Жақсы оқу, үлгілі болу».

2. Мақсатымыз: «Еңбектену, 4-5-ке қол жеткізу»

ІІ. Өткен материалдарды еске түсіру.

-«Домалақ ана» өлеңін пысықтап оқыту.

- Заттың атын білдіретін сөздерді қалай айтамыз?

- Заттың сынын білдіретін сөздерді қалай айтамыз?

ІІІ. Мақсат қою

- Заттың санын білдіретін сөздер деген қандай сөздер? Мысал келтірейік.

- Бүгін біз сендермен Үш би. Мақалмен танысамыз.

ІҮ. Жаңа сабақ

(Сан есімді түсіндіру)

- Балалар жылдың неше мезгілі бар? (4)

- Қазір қай мезгіл? (көктем)

- Көктем айлары нешеу? (3)

- Сен нешінші сыныпта оқисың? (бірінші)

- Жасың нешеде? (сегізде)

- Сен нешінші партада отырасың? (үшінші)

- Мен сендерге қандай сұрақтар қойдым? (Қанша? Неше? Нешінші?)

- Ендеше балалар бүгін біз сендермен заттың санын білдіретін сөздермен танысамыз.

1. 136- жаттығу. Сандарды сөзбен жазу.

11,12,13,14

Үлгі: он бір, ...

А)Екі таңбалы сан атауларының бөлек жазылатынын естеріңе сақтаңдар.

2. 137- жаттығу.

А)Сұрақтарға жауап жазыңдар

1. Атың кім?

2. Неше жастасың

3. Қай сыныпта оқисың?

ә) Неше? Нешінші сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сызыңдар.

3. 138- жаттығу. Көп нүктенің орнына аптаның нешінші күні екенін жазыңдар.

Ү. Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,

Қолды алға созайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Демімізді алайық.

4. Н. Оразалиннің «Үш би» өлеңін оқиық

А) Өлеңді оқып беру

ә) Оқушыларға оқыту: дауыстап тізбектей оқыту, іштей оқу.

Б) сұрақ- жауап арқылы қорыту,

Қазақтың үш биі туралы не айтамыз?

Оқулықпен жұмыс

Батырлар туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

А) Мақалды оқыту, түсіндіру

Шешен сөз бастар,

Батыр қол бастар

- Шешен деп кімді айтамыз?

- Батыр деп кімді айтамыз?

ҮІ. Жаңа сабақты бекіту

Мына тапсырманы орындау арқылы жасырын сөзді табу.

1. «Жауқазын»

Жеті-1, алты-1, у, қырық-1, алты-1, отыз-4, алты-4, он-2

2. «Раушан»

Қырық-3, алты-1, у, үш-2, жиырма-6, он-2

3. «Бәйшешек»

Бір-1, ә,й, үш-2, екі-1, үш-2, екі-1, екі-2

Бұл гүлдердің тапсырмасы.

Сан есім ережесін, сұрақтарын қайталау.

ҮІІ. Қорыту

-Біз нені білдік?

- Сан есімді

- Келешекте нені білгіміз келеді?

- Сан есімнің түрлерін

ҮІІІ. Үйге:

«Үш би» өлеңін жаттау

ІХ. Бағалау

М.Б.Сақтағанова Мария Бахижановна

Туған жылы, айы, күні: 14.11.1988 ж

Бітірген оқу орны: Есік экономикалық гуманитарлық колледжі, 2010ж

Мамандығы: Бастауыш сынып мұғалімі

Еңбек өтілі: 2 жыл

Автор:
М.Б.САҚТАҒАНОВА, бастауыш сынып мұғалімі Қадырғали Жалайыр атындағы орта №6 мектебінің.