Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Белсенді жастар-ел тірегі»


8 июня 2012, 01:06 | 1 919 просмотров


2011-2012 оқу жылы аса бір жемісті болды. Әсіресе біздің сынып үшін. Себебі, дәл осы жылы № 14 орта мектеп-гимназияның 9ә сыныбы өзінің талантты да дарынды оқушылармен көзге түсіп, ерекшеленді.

Жыл сайын өтіп тұратын КҒА(Кіші ғылым академиясы) және «Дарын» ғылыми байқауы бәріңізге таныс болар. Биыл біздің сыныбымыздан осы байқауларға қатысып, марапатқа ие болған 3 оқушымен таныстырып өтейін : биология пәнінен сайысқа түсіп «Жоңғар-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғат паркінің сирек кездесетін, қорғауға алынған өсімдіктері мен Сиверс алмасының қазіргі жағдайы» тақырыбын қорғап, қалалық байқауда 2-ші, ал облыстық дәрежеде 3-ші орынға ие болған Есенбаева Назерке, химия пәні бойынша «Шұбат құрамындағы қорғасын мен калийдің мөлшері» тақырыбы үшін КҒА-да 2-ші дәрежелі орынмен марапатталған Мадикасимова Меруерт және психология және педагогика пәнінен «Адамгершілік тәрбие- әркімнің құқығын сақтаудың алғы шарты» тақырыбымен сынға түсіп, 2-ші орынға лайықты деп танылған Булебаева Аяулым. Бұған тағы қоса кететін бір жайт: Мадаикасимова Меруерт жыл сайын өткізіліп тұратын қалалық олимпиядада химия пәнінен 1-ші, ал облыстық олимпиядада 4-ші және Менделеевтің жылдығына орай өткізілген қалалық интеллектуалдық сайыста 2-ші орынмен марапатталған.

Сыныбымыздың жетістіктері тек қана интеллектуал бағытта емес, спортта да көзге көрінуде. Мектеп намысын, әсіресі, 9ә сыныбының намысын қорғап жүрген оқушылар қатарына Табылдин Айдын және Алыбаев Абылайды жатқызуға болады. Өйткені олар тіпті республика деңгейінде де орасан жетістіктерге жетуде. Мысалы, Айдын наурыз айынынң соңғы күндері Тараз қаласында өткен каратэден республикалық жарыста 1-ші орынға ие болды. Абылай болса дәл сол Таразда өткен еркін күрестен 3-ші орын алып, КМС дәрежесімен марапатталған еді.

9ә сынып оқушылары өз жетістіктерімен интеллектуалдық немесе спорт жолында ғана емес, өнер сахнасында да мақтана алады. Оған дәлел, сыныптасымыз әрі болашақ жас әртіс Асқаров Жалғастың сәуір айынң 19-21 аралығында көрсетілген «Ақан сері – Ақтоқты» спектакліндегі рөлі. Ақанның жақын досы әрі шәкіртін сомдаған Жалғас-осығын дейін де бірнеше драмалық спектакльдерде өнер көрсетіп,болашағынан зор үміт күттіретін жас әртіс менің сыныптасым. Сонымен қатар, Абай, Ілияс,Мұқағали өлеңдерін жатқа айтатын ерекше дарын иесі Нүсіпжан Еңлік те үлкен қасиетке лайық дарын иесі деп санаймын.

Бұл орайда, өзімізді айтып өтпеске болмас. Осыған дейін бірнеше рет қалалық олимпиядаларға қатысып, марапатқа ие болып, оған қоса Абай оқуларында да өз бағымды сынап көрген мен, өзіміді де өнер адамына жатқызамын. Олай дейтін себебім, кей кезде шабытым келіп, шалқыта өлең жазатын кездерім де болып тұрады. Сондай кезде шығарған өлеңімнің бірі:

«Балалық шақ»

Өмір өтер көрінбей-ақ қас қағымда,

Керек емес сол кезде басқаның да,

Сұрармын мен мүмкін бір күні:

«Шынымен де балалықты тастадым ба?»

Бірақ қимай қарады балғын шағым –

Есейсем де боладай ғой әлі жаным.

Сәби шағым, бала жылдарыма

Арналады енді, міне, жырлар-әнім.

Зымырап, тоқтамай барады уақыт,

Артта қалды ендігі сәби бақыт.

Тырысқанмен қаншама оралмайды,

Оралмайды қайтадан сол балалық.

Қалды алыста қызықты балалық шақ,

Күтуде мені алдымда зор болашақ.

Бағынып амалсыздан тағдырыма

Аяқ бастым, сәби шаққа қимай қарап.

Ия, мектеп қабырғасындағы әрбір оқушы-ұлы тұлға-осы елдің болашақ тірегі. Соның бірқатары-жоғарыда аталып өткен менің сыныптастарым.

Олардың әрқайсысы-бойындағы қабілетін үлкен талантқа айналдыра білсе - нағыз ұлы тұлға.

Мен өз сыныптарымды алтын – ұя мектебім - №14 орта мектеп-гимназиясын мақтан тұтамын және осы мақаламды жарыққа шығаруға себепкер болған сынып жетекшім Ермұханбетова Нұргүл Қалтайқызына зор алғысымды білдіремін!

Автор:
Назерке ТЛЕУБАЕВА, №14 орта мектеп-гимназиясының 9ә сынып оқушысы. Талдықорған қаласы