Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Сайын Мұратбеков «Жусан иісі»


8 июня 2012, 01:37 | 6 985 просмотров



Сабақтың тақырыбы: Сайын Мұратбеков «Жусан иісі»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Повесть мазмұнындағы кейіпкерлер бейнесін жасау, іс-әрекетін, мінезін сипаттау, композициялық құрылымына талдау жасау.

???????????:Дамытушылық: Өзіндік пікір қалыптастыруға, ойын еркін жеткізе білуге баулу.

Тәрбиелік: Кейіпкер тағдырына ортақтаса білуге, адамгершілікке, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

???????? ????:Сабақтың түрі: Ізденіс сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, әңгімелесу.

Пәнаралық байланыс: тарих пәні

?????????????: Көрнекіліктер: С. Мұратбековтың суреті, куб, үлестірмелі сұрақтар, буклет.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сыныпты түгендеу, оқушылардың сабаққа назарын аудару.

Психологиялық даярлық: (бір-біріне жылы лебіз білдіру)

ІІ. Үй тапсырмасы:

1. Ақынның өмірбаяны туралы айту, үйге ақынның өмірбаянын іздестіріп, жазып келу.

2. «Жусан иісі» повесінің мазмұнын айту.

3. Әңгіме қалай баяндалады?

4. Дәптерге бүгінгі күнді жаздыру. Аян бейнесін құрастыру.

5. Аян ертегі айтқыш (Оқулықтан Аянның ертегілерін әңгімелеу)

6. Оқиға қай жылдары болып жатыр. Тарихқа көз салайық. 1941-1945 Ұлы Отан соғысы жайлы оқушылар баяндап береді.

7. Повестің қалай аяқталғанына мән беріңдер. Шынында да бұл күнде Аян қайда екен.

- жусан иісі – дегенде ойымызға не келеді

- қалай ойлайсыңдар Аян қандай адам болып кетті екен?

Оқушылар үйден жазып келген ертегілерін оқиды.

8. Сергіту сәті (Бәйшешекті орнына қою) – өткен тақырыптар бойынша сұрақтар.

9. Сабақты қорытындылау. (кубизм) 6-сұрақ

Үй тапсырмасы: 202б. Өз қалауларыңмен орындау үшін берілген тапсырманы орындау, тапсырманы жасау

Бағалау:

- Ашық сабаққа қатысып белсенділік танытқандарыңа көп рахмет

Автор:
Ә.Қ.ТОҚТАБЕКОВА «Көктөбе орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Көктөбе ауылы Ескеді ауданы