Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҰБТ 4-күнінің нәтижесі: 100-ден астам балды 8 мыңнан астам түлек жинады


8 июня 2012, 01:47 | 1 494 просмотра


Ұлттық бірыңғай тестілеудің төрткүндік нәтижесі бойынша өтінім білдірген 92 545 түлектің 89 367-сі тестілеуге қатысты.

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті.Төрт күн ішінде ережені бірнеше мәрте бұзған 65 түлек сынақ тапсыру залынан шығарылды. 100-ден жоғары балды 8 254 адам жинады. Ал ең жоғары көрткішке 2 түлек - Астана қаласынан Әсел Қасықова мен Алматыдан Кирилл Ким ғана қол жеткізе алды.Ұлттық тестілеу орталығының басқарма бастығы Дархан Жақсыбековтың айтуынша, ҰБТ қалыпты режімде өтуде, техникалық істен шығулар орын алып жатқан жоқ. Алғашқы нәтижелер сағат 15.00-16.00-де алынып отырады. Тестілеуді өткізетін бірқатар пункт сынақтан өтушілердің үшінші легін қабылдауда. Кеше ҰБТ-ны қабылдайтын 28 пункт жұмыс істесе, бүгін олардың саны 23-ке қысқарады және олардың саны бұдан әрі де азая беретін болады. Себебі түлектердің негізгі легі емтихандарды тапсыруды аяқтады.Айта кетейік, ҰБТ 1-15 маусым аралығында арнайы жабдықталған 154 пунктте өтіп жатыр. 107 пункт аудан орталықтары мен қалалардағы мектеп ғимараттарында орналасқан, ал қалған 47-сі облыс орталықтары мен Астана және Алматыдағы жоғары оқу орындарының ғимараттарында жабдықталды.

Автор:
Подготовил Бейбит МАМЛЕЕВ