Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Қыршын кеткен сарбаздардың рухына!


8 июня 2012, 01:47 | 1 737 просмотров


Ажал келсе жанды алар тылсым көктен,

Қайран өмір, тез солар гүлсің неткен?!

Отан қорғау жолында құрбан болған,

Қош болыңдар қырандар қыршын кеткен!

Жау келді ме жасырын қайқаң белден,

Айырылдық қаншама қалқанды Ерден.

Ашылмаған қайғылы оқиғаға,

Сен куәсің жұмбақ тау, «Арқанкерген».

Заставаның зар айтып бағанасы,

Алакөлдің шарқ ұрды шағаласы.

Жанып өткен жасындай ұландардың,

Әкесі мен жоқтады –ау жан анасы.

Жары қалды артында жас баламен,

(Бұзылмастай сарбаздар- тас қамал ең.)

Бір-ақ түнде бәріңнен айырылдық,

Үзілгені-ай тым ерте асқақ әуен.

Көк аспаннан жұлдыздай аққан жандар,

Жазаланар сендерді жаққан жандар.

Шейттерім болыңдар пейіш төрде,

«Сарыбөктерден» бақиға аттанғандар!

Автор:
Жангелді Немеребаев