15 июня 2012, 01:05 | 6 217 просмотров
Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру.
Сабақтың мақсаты:
1. Қазақстандағы ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру салдары, зардаптары мен нәтижелерін түсінуге жағдай жасау.
2. Қосымша материалдар арқылы сабаққа қызығушылығын арттыру, білімін шыңдау, өзіндік ой қорытуға үйрету.
3. Оқушыларды адамгершілікке, елжандылыққа, өткен тарихты бағамдай, бағалай білуге, Қазақстанның тәуелсіздігін қорғап, өз Отанын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі: карта, кесте, сөзжұмбақ, суреттер, кластер әдісі, Венн диаграммасы .
Сабақтың ұраны:
«Өткен тарихты білмей қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын»
Әбу Насыр Әл-Фараби.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
а)
1. Индустрияландыру дегеніміз не?
2. Индустрияландыру саясаты қашан қабылданды:
3. Индустрияландыруды іске асыруда кездескен қиындықтар.
4. Индустрияландыру ісі неден басталды?
5. Қазақ өлкесін зерттеу барысында қандай экспедициялар жұмыс жүргізді?
6. Индустрияландыру кезіндегі «Кіші Қазан» төңкерісінің авторы кім?
7. Ф.И.Голощекин кім?
8. «Кіші Қазан» төңкерісінің бағыты қандай?
9. «Кіші Қазан» бағытына қарсы шыққан кімдер, олардың мақсаты не?
10. Индустрияландыру кезінде қандай құрылыстар салынды?
11. Индустрияландырусаясатындағы кемшіліктер?
12. Индустрияландырудың жетістіктері, нәтижесі.
ә) Үй тапсырмасын қорытындылау.
Индустрияландыру ісі біздің өткен тарихымыз, сондықтан оның жетістіктерін, кемшіліктерін саралай отырып, болашағымыз жайында ойлағанымыз жөн болар деген қорытынды жасағым келеді. 1928-1932 ж.ж. жүргізілген индустрияландыру ісінің нәтижесі. Қазақстан өнеркәсібінің тек шикізат өндіретін саласының дамуына қарамастан үлкен жетістіктерге қол жеткізді деп айтуға болады. Енді біз бүгін жаңа сабағымызды бастаймыз. «Рухы жоғары халықтың-тарихы мәңгілік» -деген сөз бар, себебі біздің халық небір қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірсе ешқашанда болашаққа деген сенімдерін жоғалтпай келе жатқан халық.
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары.
1. Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың мақсаты мен міндеттері.
2. Ұжымдастыру жүргізудегі, негізгі проблемалар.
ІV. Жаңа сабақты түсіндіру.
ЖЭС-та республикада дәйекті жүзеге асыру өзінің игі нәтижелерін берді. Кооперативтік қозғалыс одан әрі дамыды, қазақ даласында тұтыну қоғамдары, сауда орындары құрылды. Қазақ шаруалары ұжымдық шаруашылықтарға-коммунада, артельде, жер өңдейтін серіктестіктерде ынтымақтастық пен өзара көмек мектебінен өтті. Қызыл отаулар кедейлер арада сауатсыздықты жоюды, ағарту жұмысын жүргізуді, оларды кооперативтерге тартуды ұйымдастыратын орталыққа айналады. Республикадағы мал саны 40,5 млн-ға жетті.
Алайда өлкелік партия ұйымын басқарып отырған Ф.Голощекин ауылда кеңес өкіметінің әлі де орнамағанын, онда байлардың әмірі жүріп тұрғанын айтты. Ауылда «Кіші Қазан» төңкерісін жасау қажет. Бұған наразылық білдірген Т.Рысқұлов және басқа ұлт зиялылары орт ком-ң қарамағына шақырылып, ал С.Сәдуақасов, С.Сейфулин, С.Қожанов, Ж.Мыңбаевтар «ұлтшыл» деп айыпталды.
И.Сталинның нұсқауымен ұжымдастырумен бір мезгілде астық дайындау науқаны да белсенді жүргізіле берді. Елде шаруа шаруашылықтарын тінту, қарсыласқандарды қамау, соттау, ату істері белең алды. Осындай қатаң жазалау шараларының арқасында Қазақстанда 1927 ж. 43 млн пұт, ал 1928 ж. 300 млн. пұт астық дайындалды. Кең көлемді ет пен жұн дайындау науқаны жүріп жатты, бұл малды жаппай союға әкеп соқты.
Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру.
1.Партияның ХV съезі 1927ж. желтоқсанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады.
2.Мақсаттары
- ауыл шаруашылығын дамыту
- отырықшылыққа көшу
- байларды тап ретінде жою
- тиімді ауыл шаруашылық өндірісін қалыптастыру
- ауыл шаруашылығының меншік салаларына мемлекеттің
- ықпалын күшейту
3.1928 ж. 27 тамыз «аса ірі бай шаруашылықтарымен жартылай феодалдарды тәркілеу және жер аудару туралы» декрет шығарды.
4. Ұжымдастыруды 1932 жылы көктеміне қарай аяқтау белгіленді.
5.Жіберілген қателіктер
- қатаң жүргізіліп, жаппай қуындау мен лаңкестікке негізделді.
- даярлықсыз, жергілікті жағдайлар ескерілмеді.
- әкімшілдік -күштеу әдістерімен жеделдете жүргізілді.
6.Ұсыныс хаттар
- 1932 жылы жазда –аштық апатымен себептері туралы Ф.Голощекинге «Бесеудің хаты» жазылды. Хат жазғандар: Ғ.Мүсірепов, М. Ғататуллин, М.Дәулетқалиев, Е.Алтынбеков, Қ.Қуанышев
- 1933 жылы наурыз – Т.Рысқұловтың Сталинге хаты
7.Табыстары
- колхоздар мен совхоздар құрылды
- егістік жер көлемі ұлғайды.
- ауыл шаруашылық мамандары қалыптасты
- шаруалар бай феодалдарға кіріптарлықтан құтылды.
Ұжымдастыруға байланысты әр түрлі іс-шаралардың нәтижесі – Қазақстанның барлық аудандарын қамтыған бұрын соңды болмаған аштыққа ұрындырды.
Ашаршылық
-Ф.Голощекиннің қатігездігі
-астықтың шықпауы
- Қазақтарды күштеп отырықшыландыру
- азық-түлік салғырты
- тәркілеу және зардаптары
- бай-кулактардың қарсылығы
Зулмат ауқымының зор болғаны сонша, 1930-1932 жылы аштық тарихқа «Ұлы жұт», қазақ халқының аса зор қасіретті жылдары ретінде енді.
V. Сабақты бекіту.
Ассоциация әдісі «Ұжымдастыру» сөзін қалай түсінесің?
Ұжымдастыру
-1927 жылы желтоқсанда партияның ХVсъезі
-Бай- кулактарды тәркілеуден басталды
-Ұсақ шаруа шаруашылықтарын біріктіру, қоғамдастыру
-Қатал жаппай қуғындаумен әкімшілдік-күштеу әдістері
Сөзжұмбақ «Геноцид»
VІ. Қорытындылау.
Қысқа мерзім ішінде жүргізілген күштеп ұжымдастыру шаруалардың жанталасқан қарсылығын тудыра отырып, ел мен кеңес қоғамының одан арғы дамуына мына тұрғыда елеулі зардаптар әкелді.
1. Ауыл шаруашылық өндірісінің деңгейі төмендеді.
2. Азық-түлік проблемасының ушғуымен 1932-1933 жылдары жаппай аштық орын алды.
3. Алуыл шаруашылығынан қаржыны өнеркәсіпке аудару селоның техникалық жағынан артта қалуын күшейтті.
Осының бәрі қоғамдағы наразылықты арттыра түсті.
VІІ. Оқушыларды бағалау
VІІІ. Үйге тапсырма: § 10,11 инсерт стратегиясын толтыру.