Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Ондық бөлшектерді қосу


15 июня 2012, 01:05 | 1 458 просмотров


Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Ондық бөлшектерді қосу ережесін айта білу, біліктерін логикалық оймен іске асыра білу.

Дамытушылық: оқушыны ұқыпты тыңдауға, практикамен ұштастыруға , тез шешім қабылдай білу мақсатында өз білімін нақты көрсете алуға дағыландыру.

Көрнекіліктер: үлестірмелер, семантикалық карта, тестік тапсырмалар

Сабақтың түрі: Ойын

Сабақтың әдісі: Өзіндік, шығармашылық, сұрақ-жауап, аралас сабақ

Сабақтың типі:

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

А) Оқушылармен амандасу, түгендеу.

Ә) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

Сабақ қарақшылар ойыны түрінде өтеді

Б) Шаттық шеңбері арқылы сабақты бастаймыз

-Балалар, енді қлоымызды ұстап алақан жылуы арқалы бір-біріңе жылы лебіздер айтып, сабағымызды бастайық.

Қуанамын мен де, (өзімді көрсетемін )

Қуанасың сен де (жаныңдағы досыңды көрсетесің)

Қуанайық, достарым,( бір- біріміздің қолымыздан ұстаймыз)

Арайлап атқан күнге (қолдарымызды жоғары көтереміз)

ІІ. Үй жұмысын тексеру

Карточкалармен жұмыс /Үтір дұрыс қойылды ма?/

ІІІ. Кеме сатып алу/ ауызша есептейік/

7,4+3,2= 1,2+3,6= 3,6+2,4=

25,5+ 15,5= 26,4+56,6= 45,7+13,3=

ІҮ. Аңдардан өту/ тізбек бойынша берілген есептерді шешу/

+1,05 +2,13 +0,42

+2,14 +3,21

Ү. Қыл көпірден өту

/Оқулық бойынша жұмыс № 1021 Шығармашылық жұмыс/

ҮІ. Қазына үстіндегі тас /ойлап, тап/

+ 2,*5 +*9,*

*2* *,*7

2,90 61,17

ҮІІ. Қазына құлпын ашу /Логикалық есеп/

Ұшып келе жатқан бір топ қазға жалғыз қаз жолығады, жалғаз қаз:

- Ассалаумағалейкум, жүз қаз ,-депті

- Уағалейкумассалам, жалғаз қаз! Бірақ біз жүз қаз емеспіз. Біз жүз қаз болуымыз үшін тағы біздей, сонан кейін жартысындай, тағы ширегіміздей және сен келіп қосылсаң, жүз қаз боламыз,-депті.

Сонда қанша қаз ұшып келе жатқан?

ҮІІІ. Бекіту/ Семантикалық картамен жұмыс/

ІХ. Қорытынды

1. Ондық бөлшектерді қалай қосамыз?

2. Ондық бөлшектерді қосуда қандай қасиеттер орындалады?

3. Бұрыс бөлшек дегеніміз не?

4. Ондық бөлшектің бүтін бөлігінен үтірмен ажыратуды ұсынған математик?

Х. Үйге тапсырма

ХІ. Бағалау

Автор:
С.Е.ЖЕТЫМБЕКОВА, Математика пәнінің мұғалімі., Бибақан негізгі мектебі, Алакөл ауданы, Алматы облысы