Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ


15 июня 2012, 01:07 | 11 369 просмотров



1-сынып

Тақырыбы: Менің отаным- Қазақстан

Мақсаты:

1. Оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, еліміздің тәуелсіздігінің паш ететін түрлі тарихи оқиғаларды зерделей отырып, егемен елімізге қамқор болу, мемлекетімізді одан әрі нығайту, еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін ұғындыру.

2. Патриоттық тәрбие беру, өз елін, Отанын сүюге, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.

3. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеп, қастерлеу, тәуелсіздігіміздің тұғырын биік ұстауға үлес қосуға атсалысуымыз керектігін түсіндіру.

Көрнекілігі мен жабдығы: Интерактивті тақта, Астана, рәміздер суреттері, сызбалар, мақал – мәтелдер.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақ барысы: Мұғалім

- Қайырлы күн құрметті қонақтар!

Аяулы да ардақты ұстаздар!

Бүгін сіздердің назарларыңызға «Менің отаным - Қазақстан» атты тәрбие сағатымызды ұсынамыз.

1 Ал балалар сабағымызды бастамас бұрын Менің отаным Қазақстан деген сөзді қалай тіүсінеміз? Ол үшін менің деген сөзге мысалдар келтірейікші.

Менің кітабім, менің дәптерім, менің қаламым, менің отбасым ,менің қалам , менің туыстарым т.б Ал, енді балалар осының бәрін бір сөзбен, не деп атаймыз. Отан дейміз.Сонымен отан дегеніміз не екен? Өз ойларын айтады

-Отан дегеніміз не?

Ернұр

Отан дегеніміз -Отбасы- Отанның кішкентай бөлшегі.

Қаһарман

«Отан» деген сөзді күн сайын естіп жүрміз,

Асқар: оны бала кезімізден білеміз.

Айханұлы: Отан дегеніміз-адамның туып өскен жері

Әділет: туған – туысқандарымен, бірге тұратын

Мөлдір: жақындарымен бірге тұратын атамекені.

Отан туралы қандай тақпақтар білеміз?

Мұғалім:

2 Ал балалар мен қай тілде сөйлеп тұрмын ? қазақ тілінде яғни біз қай ұлтпыз ? қазақ ұлтымыз. Ал балалалар айтыңдаршы біз қай мемлекетте тұрамыз?

Қазақстанда.

Мұғалім:

Хормен:

Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы деп аталады?

Хор Ән Отан

Мұғалім:

-Біздің президентіміз кім?

Хормен:

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев./инт. тақтадан Н.Ә.Назарбаев суретін көрсету/

Мұғалім: Қ Р қандай рәміздерін білеміз?

Интерактивті тақтадан рәміздерімізді, оның авторларының суреттерін көрсетіп, қысқаша түсінік беру.

1 Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы

Біз туымыздан не көріп тұрмыз

Туымыз қандай түсті?

Көгілдір, күн, қыран құс ,Ою өрнек

Мұғалім:

2. Қазақстан Республикасының мемелекеттік Елтаңбасы

Мұғалім:

Қ Р Елтаңбасынан не көріп тұрмыз?

Шаңырақ , уық, аттың қанаты,(ертедегідей пырақ) жұлдыз, қазақстан жазуы

Біз ұлтты мекенбіз

Ортақ біздің үйіміз

Ортақ біздің жеріміз

Жаса Қазақстаным

Жасасын қазақ еліміз.

Мұғалім:

Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?

Астана қаласы. (интерактивный доскамен көрсету)

Мұғалім.

-Балалар, Астанамыз туралы не білеміз?

Ақ орда, бәйтерек бар ,Хан шатыры, зәулім үйлер, океан арум,

Мұғалім:

Тағы қандай қалаларды білеміз? Өз ойлары

Мұғалім.

Балалар, біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді , өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық. Саналы, білімді азамат болып шығуымыз үшін не істеуіміз керек?

Балалар :

Еңбек етуіміз керек.

Мұғалім:

Біздің қазіргі еңбегіміз не?

Балалар:

Оқу.

Мұғалім :

Оқу, білім туралы қандай мақал –мәтел білеміз.

«Жалғастыр» ойынын ойнайық.

1. Отан –оттан да ... / ыстық/

2. Отансыз адам,

Ормансыз ... / бұлбұл/

3.Кітап білім .... / бұлағы/

Білім өмір шырағы

4.Оқу инемен .... құдық қазғандай

Бөтен жердің гүлінен

Туған жердің тікені артық.

Елінен безген оңбайды,

Көлінен безген қонбайды.

Өз елімнің басы болмасам да,

Сайының тасы болайын.

Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

Бөтен жердің гүлінен

Туған жердің тікені артық.

Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

Мектеп әні

Ал енді балалар Менің отаным туралы өз ойымызды сурет арқылы бейнелейміз.

Сабақты қортындылау Отан дегеніміз не екен ?

ОТАН

-атамекен

-қазақстан

-туған жер

-отбасы

-туысқандар

Ал енді сабағымызды қортындылай келе Қ Р ән ұранын айтайық.

Бексұлтан

Әнұраным – жан ұраным,

Айтар әнім – сөйлер сөзім.

Туған жерім сағынарым,

Мәңгі бақи шырқалады,

Республика әнұраны.

Қ.Р. ән ұраны шырқалады.

Автор:
Б.Н БАТЫРШАЕВА Ш. Уалиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі.