15 июня 2012, 01:14 | 3 547 просмотров
Факультатив сабақ «Химия өсімдіктер әлемінде»
1-сабақ. Тақырыбы: Химия және қоршаған орта.
Мақсаты:
1)Химияны басқа жаратылыстану пәндердерімен бірге оқыта отырып, қоршаған орта және оның заңдылықтары туралы түсінік қалыптастыру.
2)Химиялық білім мен білікті меңгеру.
3)Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі бағыттарымен таныстыра отырып, зиянды процестердің әсерлерінен сақтануға үйрету.
Көрнекіліктері: Күнделікті тұрмысқа қажетті химиялық заттар.
Өсімдік кеппешөптері.
Янтарь тасы.
Сабақ түрі: Кіріктірілген сабақ.
Өткізу
әдістері: Әңгімелеу.
Түсіндіру.
Сабақтың құрылымы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу.
Оқушыларды түгендеу.
Дәптерлерімен жұмыс.
2.Жаңа сабақты меңгеру кезеңі: Химия және қоршаған орта.
Қайда қарасақ та,қайда көз жіберсек те көретініміз химия ғажаптары.
М.В.Ломоносов.
Химия-табиғаттың құпиясын түсінуге көмектеседі.
*Янтарь тасының құпиясы туралы әңгімелеу.
* «Тіршіліктің пайда болуы» электронды оқулық ашу.
*Жаратылыстану ғылымдарының ішінде химия ғылымының алатын орнына тоқталу.
*Химия пәнінің өсімдіктер әлемімен байланысы.
Нені білу керек:Өсімдіктер ағзасында кездесетін бейорганикалық заттар.
Өсімдіктер ағзасында кездесетін органикалық заттар.
Өсімдіктер ағзасында кездесетін химиялық элементтер.
Химиялық заттардың формуласын жаза білу:Н2О,NаСІ,КNО3,СО
Салыстырмалы малекулалық массаны есептей білу.
Органикалық заттардың формулаларын жаза білу:СН4,С6Н12О6, С5Н12
Сабақты бекіту:Қаныққан көмірсутектердің он өкілі.
Жалпы формуласы:СnH2n+2
Салыстырмалы малекулалық массасы 58-ге тең белгісіз қаныққан көмірсутекті тап.
Берілгені:Мr(СхНу)=58
т/к СхНу-?
Шешуі:
СпН2п+2 =58
12п+2п+2 =58
14п=58-2
п=56/14
п=4
Жауабы: бутан.
Сабақты қортындылау:
Сонымен,балалар бұл сабақта біз өсімдіктер әлеміндегі химия құпияларымен танысамыз.Ұлы орыс химигі М.В.Ломоносов айтқандай:Қайда қарасақ та,
қайда көз жіберсек те көретініміз химия ғажаптары екен.