Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Көп таңбалы сандарды ауызша қосу және азайту тәсілдері.


15 июня 2012, 01:23 | 6 982 просмотра



Сабақтың тақырыбы: Көп таңбалы сандарды ауызша қосу және азайту тәсілдері.

Сабақтың мақсаты: Көп таңбалы сандарды қосу және азайтудың ауызша есептеу тәсілдерін орындауға үйрету.

Тапқырлықты, ой ұшқырлығын, және шығармашылық қабілетін, сөйлеу тілін, өздігінен әрекеттенуін дамыту.

Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап,өздік есептеу,ой қозғау.

Сабақ барысы.

І-Ұйымдастыру кезеңі.

-Математика-ең негізгі ғылым бұл,

сондықтан да, сол ғылымның тілін біл.

ІІ-Мақсат қою кезеңі.

-Балалар, бүгінгі сабағымызда көп таңбалы сандарды қосамыз және

азайтудың ауызша есептеу тәсілдерін орындаймыз.

Еске түсірейік.

1.-Көп таңбалы сандарда неше клас барын білеміз?

2.-1класта неше разряд бар?

3.-2кластын атын ата.

4.-Сонын ішінде неше разряд бар?

ІІІ-Жаңа сабақ.

Тапсырма.(1 слайд) Көп таңбалы сандармен жұмыс./

100.000.000 375 645941

670 789123

2.Тапсырма.(2 слайд)

-Тапсырманы қалай орындадық ?

-Не құрдық?

3. Оқулықпен жұмыс.N2

2900+40000 59000-23000

39700+400 50000+58000

60000-17000 500+586000

77000+46000 76000-29000

700+46800 65000+90000

100000-39000 65000+900

ІV-Жаңа сабақтың түсінгенін тексеру кезеңі

4.Карточкамен жұмыс.(оқушылар тақтада шығарады)

90105+20+2000 47001+500+1000

4000+10000+200 563784-60000-80

78143-700000-100 20+4+70000+2000

5. (3 слайд) N4

Бос орынға төменде берілген сандарды кезегімен жаза отырып,

өрнектер құрастыр. Олардың мәнін тап.

327+ -------- + 36

114 103 333 64 524

V-Бекіту кезеңі.

6. N5

Ш:144м:9м=16м

Ж:ұзындығы 16м.

Р-?

Р (16м+9м) 2=50м

7. (4 слайд)

Өрнектің мәнін тап. Өрнектің мәнін өсу ретімен орналастырсан.

Кәсіп иесінің аты шығады.

Р 240:8 9 Е (388+112) 10

Ф 84:6 2 М 800-(35+15)

Е (480+320):8 Р 5000+100+1

Ф Е Р М Е Р

28 100 270 750 5000 5101

8. N6 –Есепті шығар.

Фермер 252кг пиязды 9 қапқа және 448кг картопты 8 қапқа тең бөліп салды. Пияз салынған қап картоп салынған қаптан неше есе жеңіл?

Ш: 1) 252 : 9=28кг

2) 448 : 8=56кг

3) 56 : 28= 2

Ж: 2 есе жеңіл.

9. Логикалық тапсырма.

-Екі қызда бірнеше алма бар. Егер бір қыз екіншісіне 2 алма берсе

онда 2 есе аз болып қалады, ал егер екінші қыз екі алма берсе, екеуінікі тең болады. Қыздарда басында қанша алма болған?

7. Арыстанды жинау.Шығармашылық жұмыс.

- Қорытынды.

- Не білемін?

- Не білгім келеді?

- Не білдім?

VІ-Үй тапсырмасы N37

Автор:
Г.Ж.АКШАПБАЕВА Б.Қосынов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қарасай ауданы Әйтей ауылы