Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Білім гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық конкурсқа 74 мың түлек қатысады


15 июня 2012, 01:34 | 1 520 просмотров


2012 жылы білім гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық конкурсқа Ұлттық бірыңғай тест сынағын тапсырған 74 мың мектеп түлегі қатысады,деп хабарлады Ұлттық тестілеу орталығының директоры Қали Әбдиев рm.kz сайтына берген сұхбатында. Қ.Әбдиевтің айтуынша, конкурсқа ҰБТ сынағын тапсырған барлық оқушылардың 64 пайызы қатысқалы отыр.Ұлттық бірыңғай тест сынағының 154 арнайы пунктте өтіп жатқанын атап көрсеткен ол, қазіргі уақытта барлық түлектің 78 пайызы немесе 117 431 оқушы емтихан тапсырып болғанын айтты.Орталық директорының пікірінше, ағымдағы жылы ҰБТ өткізу кезінде объективтілікті жақсартуға қол жеткізіліп отыр.«Жалпы алғанда, биыл ҰБТ объективтілігін жақсарту мәселесінде оң нәтижеге қол жеткіздік деп ойлаймын. Түлектердің барлығы лайықты бағаларын алды. Ол үшін бірқатар шара қабылданды. Мысалы, аудиторияларда, әсіресе ауылдық жерлерде, Білім және ғылым министрлігінің өкілдері емтихан қабылдады. Тест сынағын ұйымдастыруға алғаш рет білім және ғылым саласындағы өңірлік бақылау департаменттерінің қызметкерлері атсалысты. Бұл - білім беру сапасына бақылау жүргізетін жаңа құрылым»,- деп атап көрсетті Қали Әбдиев.Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық бірыңғай тестілеу 1-15 маусым аралығында арнайы жабдықталған 154 пунктте өтуде. 107 пункт аудан орталықтары мен қалалардағы мектеп ғимараттарында орналастырылып, ал қалған 47-сі облыс орталықтары мен Астана және Алматыдағы жоғары оқу орындарының ғимараттарында жабдықталған.

Автор:
Подготовил Бейбит МАМЛЕЕВ