Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Қазақтың қымызы–немістің өнімі


15 июня 2012, 01:35 | 1 975 просмотров



«Қытайлық БАҚ-та жарияланған мәліметтерге қарағанда, халық арасында жүргізілген сауалнамаға сәйкес қытайлардың 75 пайызы қымыздың пайдасын білетін болып шыққан. Алайда олардың барлығы қымыздың қазақтың ұлттық тағамы екенін біле ме? Олардың 10 пайызға жуығы ғана қымыздың ұлттық сусын екенін айтқан.

Қазір қытайлар қымыз ашыту әдістерін Қазақстанға арнайы маман жіберіп, зерттеп жатыр». Бұл туралы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің доценті Гүлия Әлиханқызы Алматыда өткен «Қазақстан Республикасы халқының материалдық емес мәдени мұралары: қазіргі жағдайы мен даму келешегі» аталатын халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда мәлім етті.

Гүлия Әлиханқызының айтуынша, қымызға қызығушылық білдіріп отырған елдердің саны қазір артты. Қытай ғана емес. Германия мен Ресей¬де 50-ге жуық кәсіпорын қымыз өндірумен айналысады. Өкініштісі, қымыздың отаны саналатын қазақ елінде бұл көрсеткіш төмен. Бүгінгі таңда еліміз бойынша қымыз өндірісімен айналысатын кәсіпорындардың саны он шақты ғана. Олардың өзі өздерінің күнкөрісінен аса алмай отыр. Отандық қымыз өндірісі сыртқы нарыққа шығу үшін не істеу керек? Гүлия Әлиханқызының сөзіне қарағанда, қымызды халықаралық нарыққа шығарып, әлемге таныту үшін жаңа технологияларды қолданып, ұнтақ түрінде де шығару керек. Бұл жағынан Германия бізден көш ілгері тұр. Олар қазір қымыздың ұнтағын ғана емес, таблетка түрін де жасап жатыр. Сонымен қатар одан балмұздақ жасап, косметикалық тауар өндіруге кіріскен. Ал қытайлар қымыздың күрделі ауруға ем екенін зерттеп, дәрі өндіруге бет бұруда. Ал біз...

Бұл мәселені сөз етуден аса алмай келеміз. Қазақтың қымызы - неміс пен қытайдың өніміне айналды

Автор:
Дереккөз: аikyn.kz