Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ЖЕТІСУДЫҢ 70 ДАРЫНЫ


15 июня 2012, 01:36 | 1 615 просмотров



Маусым айының 12 күні Алматы облысының әкімдігінде облыс әкімі Аңсар Мұсаханов Алматы облысының дарынды оқушыларымен кездесті. Аңсар Мұсаханов кездесу барысында дарынды оқушыларға Алғыс хаттар мен сыйлықтар тапсырды.

Облыс әкімімен кездесуге Алматы облысының барлық аудандарынан 70 дарынды бала келді. Олардың барлығы Қазақстанда, шетелдерде өткен түрлі мектеп олимпиадалары мен басқа да шығармашылық жарыстардың жеңімпаздары. Облыстың оқушылары дүбірлі додалардан өткен жылы 154 медаль алса, биылдың өзінде 124 медаль алқаға қол жеткізген.Сонымен қатар әкім, білім сайыстарында қол жеткізген жетістіктері үшін ризашылығын білдіріп, жас дарындарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырды. Сонымен қатар аймақ басшысы Талдықорған қаласындағы «Назарбаев зияткерлік мектебі», "Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын №20 арнаулы лицейі", Дарынды балаларға арналған Мұхтар Арын атындағы № 24 «Экономика және бизнес» арнаулы лицейі сияқты білім ордаларын үздік деп ерекше атап өтті.

Биылғы жылы білім саласына облыс бюджетінен 85 млрд 300 млн тенге бөлініпті. 2011 жылы 5 мектеп слынса, биылғы 4 мектеп салу жоспарланып отыр.

Автор:
БШ ақпарат.