Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«ЛАНКЕСТІКПЕН ЖӘНЕ ЭКСТРИМИЗММЕН КҮРЕСУ ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ЖАҺАНДЫҚ МӘСЕЛЕ»


22 июня 2012, 11:42 | 2 841 просмотр



Халықаралық қатынастардың ерекше күрделі мәселесі ланкестікпен және экстремизммен күресу және оның алдын – алу болып табылады. Бәріміз білетіндей, аталған екі ұғым белгілі – бір мемлекеттің аумағында орын алғанымен, бүкіл әлемді масасыздандыратын өзекті мәселеге айналуда. Себебі бұл дүр сілкіндіретін оқиғалар бүкіл әлемдік қауымдастықтың мүдделеріне қайшы келеді, олардың бейбітшілігі, тыныштығы және ынтымақтастығы өмір қауіпінің жағдайына тірейді. Алайда, көптеген ғалымдар, бұл мәселелерді әлемдік қатынастардың жаһандануымен байланыстырады. Қазіргі заман өзінің күрделі қатынастарының қиындай түсуімен және рухани игіліктер мен құндылықтарға кері көңілмен қараудың тенденциясымен түсіндірілетін адам және қоғам, қоғам және мемлекет, мемлекет және әлемдік қауымдастық арасындағы қарым-қатынастардың шиеленісуіне әкеліп соқтырады.

Жалпы «террор» сөзі латын тілінен аударғанда terror – қорқыныш зәресін ұшыру деген ұғымды білдіреді. Кез келген ланкестіктің әрекеті әрдайым зорлық-зомбылық, мәжбүрлеу және қауіп төндіру болып табылады. Ланкестердің басты мақсаты – бұл қорқыту, сенімсіздік пен қорқыныш тудыру, зәресін ұшыру атмосферасын қалыптастырып көрсету.

Ланкестіктің негізінде адамзат пен адам баласын жек көрушілік психологиясы жатыр. Өз кезегінде ланкестік актілер адамдарға қатты психологиялық қысым жасау арқылы адамзатты жаппай қырып жоюға, материялдық және рухани игіліктерді қалпына келтірілмейтіндей етіп қиратуға, мемлекеттер арасын алауыздыққа итермелей соғысты арандатады, әлеуметтік және ұлттық топтар арасында сенімсіздік пен жек көрушілікті яғни кейде ұрпақтар алдында ұзақ уақыт бойы жеңу мүмкін емес болып көрінеді. Мемлекеттер бұл мәселені шешу үшін ұлтаралық және халықаралық келісімдер бағытын ұстанып және оны ары қарай дамытып жетілдіру қажет.

Ланкестікпен сәтті күресу үрдісіне қоғамның барлық құрылымдары өз еркімен кеңінен қатысу арқылы олардың қылмыстық ниеттерін анықтауға толық мүмкіндік алады. Ол үшін тиісті органдар оларды үнемі қолдап отыруы керек.

Осы тұрғыда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық унивеситетіндегі дипломатиялық аударма кафедрасының аға оқытушылары Тұмбаева Рабиға, Бөрібаева Сафура және халықаралық құқық кафедрасының оқытушысы Амандосұлы Бағдаттың ұйымдастыруымен халықаралық қатынастар факультеті деңгейінде халықаралық қатынастар және халықаралық құқық мамандықтары бойынша оқитын 2 курс ХҚ - 14, 16, 19 топтарының студенттері "Лаңкестіктің шығу салдары және оны залалсыздандыру тәсілдері" тақырыбына арналған біріктірілген ашық эдвайзерлік сағаты өтті.

Аталған іс шараның мақсаты – ланкестіктің маңызын оның түрлерін және мақсатын түсіндіру, ланкестікпен күресу және олардың алдын – алуға бағытталған ақпараттармен таныстыру, студенттердің бір-біріне деген толеранттық қатынастарын тәрбиелеу және басқа адамдармен тату-тәтті өмір сүруді қалыптастыру.

Бұл бас қосылған іс шарада ланкестіктік түсінігі және оның пайда болу себептері, лансектікпен күресуге қатысты халықаралық конвенциялар, ланкестік сыртқы саясатты жүргізу инстурменті ретінде, ақпараттық ланкестік, Азия аумағындағы ланкестік, Қазақстандағы діни экстримизм, 2001ж 11 қыркүйектегі АҚШ – ғы теракт теориясы, Қазақстандағы қазіргі ланкестік мәселелері талқыланды. Студенттер ланкестік актілеріне қатысты нақты мысалдар келтірді.

Қорытындылай келгенде ланкестік қоғамдағы қарама – қайшылықтарды тудыруға шартталған. Олар елдегі қоғам өмірінің барлығына теріс әсер береді. Әсіресе қазіргі әлемдегі ланкестік қауіпі студенттік орта үшін ерекше мағызға ие. Сондықтан аталған іс –шара жоғарғы деңгейде өткенін айта отырып ары қарай жалғасын табады деген ниетпен аяқталды.

Автор:
Бағдат АМАНДОСҰЛЫ , Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі Халықаралық құқық кафедрасының оқытушысы, халықаралық құқық магистрі Рабиға Нұртазақызы ТҰМБАЕВА, Дипломатиялық аударма кафедрасының аға оқытушысы