Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

"ЖЫЛҚЫ". СӘБИТ МҰҚАНОВ


22 июня 2012, 11:45 | 3 298 просмотров


Ана тілі

Тақырыбы : "Жылқы" . Сәбит Мұқанов .

Мақсаты: Оқушыларды мәтіннің мазмұнымен таныстыру ; мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру ; мәтін бойынша танымдық тапсырмалар беру, өз ой ларын тұжырымдап жеке , топта жұмыс жасау . Көп ізденуге , бірін – бірі тыңдап , өз. ойын , ірікпей айтуға дағдыландыру . Төрт түлікті күтіп баптауға, қамқоршы болуға тәрбиелеу

Сабақтың түрі : дамытушылық , саяхат сабақ .

Сабақтың әдісі : сын тұрғысынан ойлау , үш фазаны қолдану (қызығушылықты ояту,

мағынаны таныту , ой – толғаныс )

Көрнекілік : ватман , маркер , суреттер , кітап , саяхат сызбасы , көлік суреті , сөзжұмбақ ,

нақыл сөздер ., Төрт түлік ( кітап )

Туған қалаға саяхат . ( Аялдамалар )

№ 12 О М Г

ЖМУ

Заң колледжі

Алаң

Еркін ауылы

Ипподром

Сабақтың барысы :

1. І аялдама № 12 ОМГ Ұйымдастыру кезеңі .

Оқушылардың назарын сабаққа аудару .

2 . ІІ аялдама « Еңбек » ( ЖМУ)

Қызығушылықты ояту . Сөзжұмбақ шешу .

Балалар , қазір біз Сәбит Мұқановтың « Жылқы » атты әңгімесімен танысамыз .

Әрқайсысымыз жылқы туралы не білетінімізді жазып шығайық . Енді жұптарды

тыңдайық .

1. Жылқы қайда тұрады ?

2. Олар не жейді ?

3. Бізге қандай пайдасы бар ?

4. Жылқы қандай жануар ?

5. Жылқының пірі не ?

6. Жылқыны жасына қарай ата .

Оқушылардың жауаптары тыңдалады .

3 . ІІІ аялдама « Білім » (Заң колледжі )

Сәбит Мұқанов туралы мағлұмат беру .

шығармалары

-Сұлушаш поэмасы

- Ботагөз романы

- Шоқан Уәлиханов трагедиясы

- Өмір мектебі

- Балуан Шолақ повесі

- Ақ аю

4 . ІV аялдама « Алғырлар» ( Алаң , телеком )

Төрт түлік мал туралы не білесің ?

Табиғатта еркін жүрген аңдарды - жануарлар дейміз . Адамдар ертеде сол жануарлардың етін жеп , сүтін ішу үшін және басқа да қажетіне жарату үшін қолға үйреткен . Қолға үйір болған жануарларды « мал » деп атаған .

Түлік дегеніміз не ?

« Түлік »деген – адамдардың өте жақсы көріп , ерекше қамқорлықпен бағып күткен малдары .

Төрт түлік

-жылқы

-түйе

-сиыр

- қой мен ешкі

5. V аялдама « Білгірлер » ( Еркін ауылы ) Қазақ төрт түлікті екі топқа бөлген :

1. Ірі қара ( жылқы , сиыр , түйе ) 2. Ұсақ мал ( қой , ешкі ) .

« Қара » деген сөз түліктің денелі екенін білдіреді . Ұсақ дегені денесінің кішкене

екенін білдіреді . Қой мен ешкі ұсақ мал болып есептеледі .

Қазақ халқы жылқыны жеті қазынаның бірі деп санаған .Ол киелі деп есептеліп ,

оған жыл қайыруға жетінші орын берді . Жылқының сорпа майы қыста қатпайды .

Қымызы өкпе ауруына ем . Жылқыға жылан жоламайды . Жылқыда өт жоқ . Дүние

жүзінде қазір жылқының 250 – ден астам жылқы тұқымы бар .

жылқы тұқымдастар

- Зебра ( жолат )

-Құлан

- Тарпан

- Тұзат ( Пржевальский жылқысы )

- Домбай ( жабайы есек )

Мағынаны ашу .

Тақырыппен жұмыс . Өз бетінше жұмыс жасап , insert ( түртіп алу ) жүйесін қолдану . V – білемін

? - білмеймін

+ - жаңа білім

_ мені таң қалдырды

Топпен жұмыс

1 – топ : Жылқы – түлік патшасы ,

Түйе – түлік қасқасы деген мақалдан не аңғардың ?

2 – топ: Қазақ халқы жылқыны неге қастерлеген ?

3 – топ : Үлкендер сендерді еркелеткенде неліктен « құлыным » , « ботам » ,

« қозым » дейтінін түсіндіріп бер .

Шығармашылық жұмыс

1 - топ : Жылқы туралы мақал - мәтелдер , жұмбақ айтыңдар .

2 - топ : Жылқының суретін салып беріңдер .

3 – топ : Жылқының адамға пайдасы туралы әңгіме жазыңдар .

Венн диаграммасы .

Ой – толғаныс ( кесте толтыру )

Дәптермен жұмыс .

Қос – шөп шабу , егін салу , егін жинау , жылқыны қысқы отарда бағу кезінде көшіп – қонуға ыңғайлы , тігуі , жығуы оңай баспана .

VІ аялдама Білімді сынау . ( Ипподром )

Мини – тест

1. Тұлпар дегеніміз –

а) Ең жүйрік ат

ә) бие

б) тай

2. Жылқы неше жыл өмір сүреді ?

а ) 15 – 17жыл

ә ) 55 жыл

3. Бие дегеніміз –

а) құлындайтын аналық жылқы

ә) күш көлігі , құлын бермейді

б) жұмыс аты ( тұғыр )

Қорытынды . Әр топ өз аттарын қорғайды . Әр топты , жеке оқушыларды бағалау .

Біз не білдік ?

Біз нені үйрендік ?

Қандай сұрақтарың бар ?

Үйге тапсырма : Жылқы мәтінін оқу ( 230 – 231 бет ) мақал – мәтелдер . жұмбақтар тауып келу .

Автор:
Д.Р.СЕЙТҚҰЛОВА, Бастауыш сынып мұғалімі, № 12 орта мектеп – гимназиясы Талдықорған қаласы