Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Туған жерім-Қапалым


22 июня 2012, 11:59 | 3 483 просмотра



Шұрайлы жерлерім бар туған жерім,

Жер үшін өмір қиған асыл ерім

Кешегі Бөгенбай мен Қабанбайлар ,

Халыққа сыйлады ғой елдік төрін

Түстіктен орай жатқан «Жоңғар»жоны,

Шын, жартас,қия біткен оң мен солы

Арасан мен Қапалдың аясының,

Ең асыл халқымның болған орны

Бір жерде Бөлек батыр өлген еді

Оны бір тау басына көмген еді

Осылайша туған жер тұғырына,

«Баянжүрек»тауы енген еді

Қазіргі Арасанның ыстық суын,

Бұрқылдап қайнап жатқан ыстық буын

Ежелден ару қыздың көз жасы деп,

Кейінгі ұрпағымыз үлгі қылды

Шоқандай талай жандар өтті жолдан,

Қыр-сырын ашып кетті жұмбақ болған

Қазірде сақталыпты жеріміздің,

Кәусәрдай Тамшыбұлақ суы қалған

Шөбі де ағашы да емдік болған,

Таулы аймақ тастары да кендік болған

Тұғырым туған жерім Қапалымсың,

Еліме мәңгі бақи төрлік болған

Елімнің таусылмайтын ырысысың,

Жерімнің гүлденетін тынысысың

Жерімсің мәңгілікке Қапал жері,

Өйткені сен барша әлемге ұлылысың

Автор:
Елнур КЕРЕЙБАЕВА, 11 сынып оқушысы, Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектеп, Қапал ауылы, Ақсу ауданы.