Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

СПОРТ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ


22 июня 2012, 12:11 | 3 797 просмотров



Ертеңгіліктің мақсат пен міндеттері:

Бала ағзасын сауықтыру,құрбы-құрдастармен эмоционалдық қарым-қатынас жағдайында дене шынықтыру мерекелерін өткізу үшін балалардың белсенділігін ояту.Адам өміріндегі су маңызы туралы балалар білімін бекіту.Балаларға спорттың,дене шынықтырудың маңызын түсіндіру,қызығушылығын арттыру,тілдерін дамыту, ата-анамен қарым-қатынасты нығайту.

Құрал-жабдықтары:үш шеңбер,үш доға ,үш гимнастикалық орындық, гимнастикалық бөрене,саты-доға,толтырылған доптар, ленталар.

Мақал-мәтелдер жазылған плакаттар.

Ертеңгіліктің барысы:

Балалар спорт киімімен залға кіреді.

Шаттық шеңбері

Балалар тәрбиешімен бірге шеңберге тұрып,өлеңді қимылмен көрсете отырып айтады.

??????? ?? ???,Үлкенге де сіз, (Оң қолын алға созады.)

Кішіге де сіз. (Сол қолын аоға созады.)

Барша жанды құрметтеп, (Екі қолын кеудеге қояды.)

??? ????? ???. Бас иеміз біз. (Бас иеді.)

Тәрбиеші: Бүгін біздің балабақшамызда «Денсаулық »күні.Біз өз ағзамыздың ерекшеліктері туралы,күшті де төзімді болу үшін,өз денсаулығымызды қалай қамқорлыққа алуымыз керектігін білеміз.

Біздің мерекеге көмекшілерімді шақырдым. Мен сендерге жұмбақ айтып,оны шешіп кім екенін айтыңдар.

«Қыста түседі,көктемде сылдырлап ағады,жазда шуылдайды,күзде тамшылайды?»

Балалар: Су!

Залға «Су»кіреді,амандасады.

Су:Балалар,мен бүгін сендердің мерекелеріңе келдім,сендермен бірге

«Спорт әлеміне»барып,жаңа да пайдалы дүниені білгім келеді.

Біздің жолымызда көп кедергілер кездеседі,оларды жеңе білуіміз керек.Менімен баруға дайынсыңдар ма?Бірақ жорық алдында жаттығу жасауымыз керек!

Балалар «Жаттығу» туралы өлең айтады,жаттығу жасайды.

Бір ,екі,үш,

Қолда берік күш!

Қатар тұрып жаспен ,

Допты ұрған баспен.

Доп түсірсең торға,

Шеберлігің ол да!

Бір ,екі,үш,

Ұшақпен ұш!

Парашютпен қалықтап,

Қонар жерді анықтап,

Содан кейін түс.

Бір ,екі,үш,

Аяқ-қолда күш!

Басталғанда дүбір,

Ертеңгісін жүгір!

Су:

Жол жорыққа жинал,

Саулық үшін демал!

Балалар музыка әуенімен бір-бірден «Судың»соңында келеді.Жүгіру(су сияқты),

«ирелеңдеп» жүгіру(жылғалар сияқты),жүру.

Тәрбиеші:Міне, «Спорт әлеміне» келдік, «Су»саған сөз беріледі (балалар жарты шеңберде тұрады).

«Су»: «Су қандай болады?»ойынын өткізеді.

Бала допты қағып алып, қайтадан екі қолмен «Суға» лақтырып,оның қандай болатынын айтады(суық,минералды,ерілген,жаңбыр,теңіз және т.б.)

«Су»:Енді су неге керек екені туралы сөйлесейік.

Іс-әрекеті бар суреттерді көрсетеді:

*Балалар қолын жуып жатыр,

*Бөлмені жинап жатыр,

*Тамақ дайындап жатыр,

*Өсімдіктерді суарып жатыр.

Жарайсыңдар, балалар!Менде тағы бір тапсырма бар.Міне, Спорт әлемінің жоспар картасы .Сендер тасқынды өзен арқылы,бұталар арасынан таудан өтіп,мен сый қалдырған орманға жетулерің керек.

Негізгі қимылқозғалыстар:

1.Тепе-теңдік: гимнастикалық бөренеден өтіп,қолдарын жан-жағына созу керек.

2.Әртүрлі биіктіктегі доғалар астынан өту.

3.Алақан мен табанға тіреліп,доға сатымен жүру.

Тапсырмалар тасқынды әдіспен орындалады. Балалар тосын сыйы бар қорапты табады.

(Көк ленталар-«жаңбыршалар»)

Онымен ритмикалық гимнастика кешенін орындайды.Сапқа үш-үштен бөлініп тұру.

«Би» элементтерімен ойын ойналады.

1.Бірінші команда «Ұлпа қар»қолдарынан мықтап ұстап,ұлпа қар фигураларын жасайды.

2.Екінші команда «Тамшы»бір-бірінің қолына сәл ғана тиіп, өзен жасайды.

3.Үшінші команда «Бұлт»жайылып жүреді (еркін жағдайы).

Тәрбиеші:Қадірменді ата-аналар ,тәрбиешілер!Осымен «Спорт әлеміне» саяхат атты ертеңгілігімізді мына төрт жол өлең шумағымен аяқтаймын.

Бүгінгі ертеңгіліктен,

Денсаулық жайлы сөз еткен.

Көп нәрсені ұғып алдық,

Кетпейтін мәңгі естен.

Автор:
Гүлжазира ҚАЙЫҢБАЕВА, МКҚК «Балдырған» балалар бақшасы «Айгөлек» тобының тәрбиешісі, Жетісу ауылы, Ескелді ауданы,