Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«БІЛІМДІ ҰРПАҚ КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ...»


22 июня 2012, 12:12 | 5 069 просмотров



Адам қоғамның бір мүшесі . Қоғамнан орныңды дұрыс тауып, адал еңбек ету, өзіңнің сол қоғамға қажет екеніңді сезіну – бұл сенің істеген ісіңе берілген баға. Көкірегі ояу, көзі ашық, білімді жан әрқашанда күшті. Жақсылығы жеке басына артылып, айналасына, қоғамға шарапатын тигізеді, бір кісілік орны бар еңбеккер. Сол еңбеккер өздігінен қалыптасқан жоқ, сан түрлі тәрбие мектептерінен өтті. Әрине ондағы ата-ана тәрбиесі басты шарт десекте, бұл іске мектептің мұғалімдердің сіңірген еңбегін жоққа шығаруға, ұмытуға хақымыз жоқ. Арғы - бергі үрдістерге қарасақ текті жұрт әрқашан мұғалімдерін қадірлеп, өзі білім алған мектебін қастерлеген, сыйлаған. Оның бір дәлелі, жақында, Қапал өңіріне келген іс сапарында халық алдында сөйлеген сөзінде Білім Министірі Б.Жұмағұлов «Мектеп табалдырығы – қасиетті табалдырық, бұл табалдырықтан мен әрқашан басымды иіп өтемін» - деген еді.

Адам қандай іс атқарса да, оның өзегі сол ісін сыйлау, құрметтеу, жақсы көру болу керек. Кемел келешектің кепілі – білімді ұрпақ тәрбиесінде бұл қасиеттерсіз ештеңе шықпайды. Қазіргі таңда елімізде, Елбасының тапсырмасына орай халықаралық стандарттарға сәйкестендірілген қазақстандық білім беру жүйесінде реформалар ойдағыдай іске аса бастады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев биылғы жылғы Қазақстан халқына Жолдауында да «Елді жаңғырту стратегиясын іске асырудың табыстылығы, ең алдымен, қазақстандықтардың біліміне, әлеуметтік және дене болмысы, көңіл-күйлеріне байланысты» деп білім беру саласын дамытудың маңызды екендігін айтқан болатын. Осыдан-ақ жалпы білім мен ғылымды дамытпай мемлекетті алға сүйреу мүмкін еместігі анық. Білім берудің алғашқы ордасы мектеп болса, оның тіреуі – адам тағдырын шешуші тәлімгер, мерейлі ұстаз, мұғалім.

Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық . Осы орайда жаңа жүйелерді бетке ұстап жұмыс жасауына ауыл, қала мектептерінің ондағы мұғалімдердің мүмкіндіктері қандай деген сауал еріксіз туындайды. Өмір өзгерісі, уақыт талабы бір жалақыдан басқа сүйенері жоқ таңның атысы күннің батысы мектеп пен үй арасын жол етіп жүрген мұғалім шіркіннің ендігі күні не болмақ? Ол осы күйімен- түрімен болашақ иесі бүгінгі оқушыларын қалай тәрбиелей алады деген де ой келеді. Өйткені Қазақстан Республикасы ғылыми техникалық прогрестің негізгі белгісі болып табылатын қоғамды ақпараттандырудың жаңа кезеңіне енді.

Қоғамды ақпараттандыру – еліміздің экономикасының,мәдениетінің және ғылымның дамуына негізгі шарт.

ХХІ ғасырдың әрбір мұғалімі мен оқушысы компьютерлік технология және қарым-қатынас дегеннің не екенін түсінуі, ұғына білуі, тиімді пайдалана алуы оның ішінде ақпарат қайда, қандай түрде екеніне қарамастан білімнің әртүрлі саласындағы деректер мен мәліметтерге қол жеткізуі қажет. Мұндай құралдарды пайдалану мүмкіндігі бар ма? Енді біз бәріміз «ғаламдық ауылдың» тұрғындарымыз, сондықтан оның бір бұрышындағы оқиға бәрімізге әсер етеді. Қазіргі білім беру саласында әлемдік білім кеңістігіне бағытталған қайта құру қалыптасуда. Білім беру жүйесі білім мазмұнын ұйымдастыруды, қарым-қатынасын және құрылымын түбегейлі өзгертуді, жаңартуды талап етеді. Сондықтан қазіргі таңда мұғалімге, басшыларға кең көлемді жаңа инновациялық технологиялар, ойлар, мектептер мен бағыттарға бейімделу керек. Жаңа оқыту технологияларын үйренбей - бүгінгі күні сауатты педагог – маман бола алмайды.

Білімді ұрпақ дайындайтын мұғалімнің ең алдымен материалдық жағдайы жоғары, мүмкіндігі мол болуы қажет – ақ, сағат санын азайтып, жалақысын көбейту керек. Себебі, мұғалім көп ізденіп, өзінің кәсіби шеберлігін арттырып отыру керек. Қазіргі кезде мұғалімдер мәртебесі, беделі төмендеп кеткені шындық. Мұғалімдердің арасында бәрінің бірдей компьютер алып жаңа технологияларды пайдалануға мүмкіндіктері де жоқтары аз емес. Мұғалімдерді қызметке аларда тестілеу арқылы емес, ол адамның жүрегіне, балаға деген ниетіне жауапкершілігіне, талабы мен біліктілігіне қарап таңдау керек. Оларға жоғары талап пен қамқорлық қажет. Кеңестік дәуірде білім саласында ұстаздар қызмет еткен жылдарының мерзіміне байланысты зейнеткерлікке шығарылатын. Өзіміз куә болып отырғандай, жағдай жылдам өзгеруде. Бүгін кез келген жұмысты компьютерсіз елестете алмайсыз. Оған итермелеп отырған заман талабы. Білім алушының алған білімнің бәсекелестікке қабілетті болуы оның бейіміне байланысты.

Егемен еліміздің білім беру тәрбиелеу жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалып жатқан талпыныстар жағдайында оқытудың әртүрлі әдіс – тәсілдерін қолдана отырып, терең, білімді, ізденімпаз барлық іс – әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлғаны қалыптастыру Талдықорған қаласында орналасқан үлкен шаңырақ «Айналайын» балалар үйінің ұзтаздарының да көздеген мақсаты.

Ірге тас қаланған 1996 жылдан бері қаншама ұл – қыз қанаттары қатайып, түлеп ұшты. Республикамыздың түкпір – түкпірінен хат жазып хабарласып тұрады. Тағдыр тауқыметін бастан кешкен балаларға білім беріп қайта тәрбиелеу, жеке тұлға етіп қалыптастыру тәрбиеші ұстаздардан төзімділік пен мейірбандық, балаға деген сүйіспеншілікті мейірімділікті көрегендік пен адалдықты қажет етеді. Тағдырдың ащысын татып келген бұл балалардың балалар үйіне келгенде білімге ынтасы жоқ, ешнәрсеге қызықпайтын қиқар, өкпешіл, өз білгенімен жүріп – тұрып үйренген ата-ана тәрбиесін көрмегендігі қайта тәрбиелеуде көп қиындақтар туғызады. Олардың ішінде өз құрбыларынан 2-3 жыл артта қалып әріп танымайтындар уақытында мектепке бармағандар жетерлік. Бұл балалармен жеке жұмыс жасау барысында оларға үлкен қамқорлықпен өзіне деген сенімін арттыру. Көз қас пікірлерін жалпы санасын тазарту басты мақсат. Оларды кітап оқуға дағдыландыру қызығушылығын арттыру міндетті түрде шығармалар жазғызу, баяндату, сөздік қорын молайту, ойлау, сөйлеу қабілеттерін жетілдіру нәтижелі өтуде. Ауыз әдебиетінің бай мұраларынан сусындаған балалар ұлтына қарамай, мемлекеттік тілде ана тілімізде еркін сөйлейді. Күнделікті сынып сағат өткізіледі. Жоспарлы тәрбие сағаттарында рөлдік ойындар, театрландырылған сабақтар, ойын, сайыс, КВН,саяхат сабақтары т.б. түрінде өткізіледі. Жетісу мемлекеттік университетінің озат студенттерімен үнемі байланыста болып, біздің балалардың сабақтарына т.б. іс-шаралардың өтуіне ат салысып, көмектеседі. Қазақ тілі әдебиетінен, математика, химия, физика пәндерінен жеке үйірмелер ұйымдастырып, ақыл - кеңес беріп көмектеседі. Әртүрлі әдіс – тәсілдерді қолдану арқылы ынталандырып оқытудың нәтижелері ойдағыдай.

15 жылдық тарихы бар бұл шаңырақта балалардың білімін жетілдіру міндеті – олардың білім алып қана қоймай, алған білімін үздіксіз дамытып, оны бойына сіңіріп, тәрбиелі, әдепті бір сөзбен айтқанда, интеллектуалды – үйлесімді болуын қамтамасыз ету. Әлемдегі білім мен ғылымның мәдениеттің ең соңғы тоғысатын жері жоғары білім болса, біздің де балаларымыздың ішінде: Ақылбеков Ә. – Алматинский инновационный технологический институт, РЭТ – телекомуникация, радиотехника, связь, Қонақбаева А. – медицина университетін бітіріп, дәрігер, Әжібаев Қ. – АТИСО менеджер, Нурғалиев Б. – Қ.Сәтбаев атындағы қазақ – ұлттық техникалық университетін, Нурасилова М. – ЖМУ, Нурасилова М. –Евразия университетін, Турмағамбетов М. – әскери институтты, Кунапиановна Ә. – медициналық колледж, Мазақов Е. –ЖМУ, Антонова Т. – ЖМУ, Конакбаев Б. – Семей биологиялық колледж, Бимолдина А. – Темірқазық университеті сынды жоғарғы оқу орнын бітіріп оқуларын жалғастыруда. Кез келген білімнің мақсат – мүддесі болатыны шындық. Біздің қазіргі жағ¬дайы¬мыздағы оның негізгі мақсаты – ел¬дік сана мен мемлекетшілдік рухты қалып¬тастыру, ұлтсыздықпен күресу, тәуел¬сіз¬дікті баянды ету болуы керек.

Автор:
Ж.К. БАЙМАДИЕВА