22 июня 2012, 12:12 | 2 484 просмотра
Қазақ тілі сабағында техникалық мамандыққа қатысты мәтіндерді пайдалана отырып білімгерлердің білімін толықтыру және олардың мамандығына сәйкес ғылыми тілдерін дамыту мақсаты да көздеген. Мамандықтарына қатысты мәтіндерде арнайы терминдер қолданылады. Білімгерлердің алған білімдері сапалы болуы үшін терминдердің аудармалары немесе анықтамалары қоса беріліп отырылады.
Білімгерлер алған білімдерін қызмет бабында қолданып, білімді, білікті, іскер, өз мамандығын жақсы игерген қызметші ретінде өздерін танытуға ұмтылады. Мамандығына байланысты лексиканы есту, тыңдау, оқу, жазу, қайталау арқылы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып аудио-бейне сабақтар өткізіледі.
Аудио-бейне сабақтары білімгерлердің көзбен көріп, құлақпен естуге, тыңдау сезімдеріне әсер ете отырып білімін көтеруге, оқытылып отырған мәтіндерді тез қабылдауларына және ұзақ уақыт естеріне сапалы сақтауларына көп пайдасы бар. Оған әр білімгерлердің сабақты қабылдау әрекеті әсер етеді. Бір студенттерге бейне материалдар көп пайдасын тигізсе, екіншілеріне аудио материалдары есту-тыңдау арқылы естерінде өткен тақырып мәтіні жақсы сақталып қалады. Біреулерінде көру арқылы есте сақтау қабілеті биік болса, екіншілерінде есту, тыңдау арқылы есте сақтау қабілеті биік деген сөз. Аудио-бейне сабақтарында білімгерлер қазақ тілін өз мамандығына қатысты терминдерді игеру арқылы, ғылыми тілдерін дамытуды мақсат етеді. Жасалған аудио-бейне сабақтарына білімгерлердің өздері де қызық мәліметтерді интернет арқылы жинап, өз білімдерін толықтырып отырады және ізденулеріне де мүмкіндік бар. Мамандықтарына қатысты әдебиеттерден мәтіндерді іріктеп алу, соған сәйкес жасалған тапсырмалар, жаттығулар мен түсініктемелер саналы түрде қазақ тілін үйренуге қызықтырады. Аудио-бейне сабақтар уақыты 5-10 минуттан аспағаны дұрыс, сонда ғана жалықтырмайды және сөйлеу үлгілері де естерінде сапалы сақталады.
Бейне сюжеттер бірнеше рет қайтара қайталап көруге, өткен тақырыптан ұмытылған жерлерін қайта жаңғыртып, естеріне түсіруге мүмкіндік туғызады.
Мәтін көлемі де шағын болғаны дұрыс. Мамандыққа қатысты сөздік санының көлемі 7-10 сөзден аспағаны дұрыс. Мамандыққа қатысты мәтіндер сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға көп көмегі бар. Білімгерлердің жеке шығармашылық шеберлігін көтереді. Сабақтағы материалдар сапасы жағынан биік болуы, сөйлеу, сұхбат алу амал-әрекеттерін бірде баяу көрсетілсе, екіншісінде шамалы жылдамдықпен беріп, түсінбеген жерлері бар болса анықтап, қайта көруге немесе тыңдауға да мүмкіндік туғызады.
Әрбір оқытушының мақсаты – білім сапасын көтеруге ат салысу, білімгерлердің сабаққа деген қызығушылығын арттыру, қазақ тілінде қиналмай таза сөйлеуге үйрету, қазақша ойлай білу, бірте-бірте тапсырмаларды күрделендіре түсуге және білімгерлердің берілген тапсырмаларды сауатты, қате жібермей орындауына ат салысу.