Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Намыстана аламыз ба?


22 июня 2012, 12:14 | 1 985 просмотров


Такырыбы: Намыстана аламыз ба?

Мақсаты: Оқушылардың бойында намыс отын ояту, ұлттық намыс, адамгершілік намыс, ар-ұят туралы айтып түсіндіру.

??? ??????:

Өту барысы:

????? ?????.

Пікір талас.

Мұғалім: Қазақ халқы намыс деген ұғымды елу бірінші орынға қойған.Ата-бабамыз болашақ ұрпағына намыстылық, ар-ұят туралы тәрбиелік мәні бар даналық сөздер қалдырған, « Ерді намыс өлтіреді», « Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы» деген мағынасы тереңде жатқан ұлағатты сөздер осының дәлелі.

Ел басына күн туған кезде бабаларымыз намысты ту етіп ұстап, жандарын құрбандыққа шалып, байтақ даламызды жаудан қорғады емес пе?Сол кездегі жаугершілік заманда Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Райымбек, Қарасай сынды намыс оты лапылдаған батырларымыз шыққан. Олар өзінің болмысынан намысты биік қойған.Елі, жері үшін қасық қаны қалғанша шайқасқан.

Қылышынан қан тамған Кеңес заманында Алаштың арыстарына жалған айып тағылғанда да намысты қолдан жібермеді.

Олар үшін өлімнен ұят күшті болды.

« Өлімнен ұят күшті» дегенді қалай түсінесіңдер?

Еркебұлан: Әрбір ұяты бар, кеудесінде намысы бар адам, ең бірінші өзін емес басқаларды ойлайды, өзіне келетін сөзді ойлайды, сол үшін басын қатерге тігеді

Қазіргі кезде біз намыстана аламыз ба?

Біз де намыс барма?Әлде біздің бойымыздағы жалған намыс па?

Іңкәр:Егерде қазіргі кезде жастарда намыс болмаса желтоқсан көтерілісі болар ма еді?Сол кезде жастар басқа ұлт өкілін біздің мемлекет басына отырғызғанына қарсы болды, «қазақтың соған лайық азаматы жоқ па?» деп кеуделерін намыс оты кернеді.

Ернар: Әрине, бізде де намыс бар.

Мысалы: біреу сені жала жауып кінәләса кеудеңде ыза мен намыс оянады.Соны дәлелдеп шығуға тырысасың.Меніңше адам болған соң, кеудеңде намыс болмауы мүмкін емес.

Эльвира: Қазіргі кезде біз намыс деген ұғымды арзандатып алған сияқтымыз. Өйткені көп адамдар намыстанбайтын нәрселерге намыстанып жатады.

Кейде жалған намысты көруге болады. Мысалы, екі жігіт төбелесіп қалды. Не үшін деп сұрасаң, "ол мені итеріп жіберді, менде еркекпін намысым келді де төбелестім" дейді. Ол дұрыс емес.

Ажар: Көптеген жастар көшеде арақ ішіп мас болып жүреді, өздерінің әкелеріндей кісілерге кейде тілдері де тиіп жатады. Олар оған намыстанбайды. Сыртынан көргенде оның қазақ екеніне намыстанасың.

Бойында намысы бар азаматтар осындай сорлы қылықтарға арлануы қажет деп ойлаймын

Жазира: «Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді» дегендей, осындай намыссыз жастар көбейсе, ертеңгі болашақ ұрпаққа қауіп төнері аян. Көбінесе біздің жастар басқа елге еліктегісі келеді.Әрине, оның ішінен алатыны да бар. Сырттай ата-мекеніне оралып жатқан қандастарымызды да кекетіп –мұқатып жатады. Осының бәрі намыс жоқтықтан.

Қорытынды: Елім, жерім ұлтым деген азаматтар қоғамымызда болып жатқан осындай келеңсіз оқиғаларға бір сәт көңіл бөліп, ойлануы қажет. Намысы жоқ ұлттың, болашағы жоқ.

Осы кезде ақын Мағжан Жұмабаевтың өлеңі ойға оралады:

Көздеріңде от ойнар,

Сөздеріңде жалын бар.

Жаннан қымбат оларға ар,

Мен жастарға сенемін.

Біз намысты елдің ұрпағымыз. Аталы сөзге тоқтаған халықпыз.

Ендеше, намыс деген ұғымды ешқашан арзандатпайық!

Автор:
Ж.С. БАЙМУХАНОВА, Ю.Гагарин атындағы орта мектеп орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Ақсу ауданы.