Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҰСАҚ МОНШАҚТАРДАН ПАННО ЖАСАУ.


22 июня 2012, 12:15 | 4 587 просмотров


Сабақтың тақырыбы: Ұсақ моншақтардан панно жасау.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға бисердің шығу тарихы туралы мағлұмат беру, жапсырмалау әдісін уйрету.

2. Сәндік қолөнерге қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамын дамыту.

3. Өз бетімен жұмыс жасауға, өнерді бағалауға, ұқыптылыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сарамандық

Көрнекіліктер: моншақтан жасалған панно, журнал.

Сабақтың жоспары:

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Жаңа тақырыпты меңгеру

3. Сараманадық жұмыс

4. Алған білімдерін тексеріу /тест/

5. Үйге тапсырма

Сабақтың барысы.

Бүгінгі сабағымызды сөзжұмбақпен бастайық:

1. Ұлттық баскиім /Бөрік/

2. Қыз баланың моншақты баскиімі /Тақия/

3. Сырып тігілетін төсеніш /Сырмақ/

4. Кесе салатын қалта /Кесеқап/

5. Жүнді иіретін құрал / Ұршық/

Бисер деген не? Оларды пайдаланып не жасауға болады?

Бисер – ұсақ, түрлі –түсті моншақтар. Ежелгі Египет, Үнді елінен шығып, кеңінен қолданылған Ресейдің атақты ғалымы М.Ломоносов осы заттарды пайдаланып, тәжірбиелер жасаудың арқасында түрлі сумоншақтарды шығарған. Осы әдемі шыны моншақтарды пайдаланып, әшекейлер жасап қолданған. Бисер сөзінің түп төркіні «бусра», «жалған маржан» сөзінен шығып отыр. Египеттіктер «бусра» деп айтса, бізге келіп «бисер- ұсақ моншақ» деп аталды. Ресей патшасы Екатеринаға Жәңгір хан бисерден және әсем тастардан әшекейленген керемет сәнді сәукелені сыйға тартқан екен. Осы кезге дейін сәукеле Ресейдегі мұражайда сақтаулы. Күннің көзінен сақтап, көрмеге көп шығарылмайды, өйткені күн сәулесінен тастар үгітіліп қалуы мүмкін.

Бүгінгі сабақта қолданатын жаңа әдісіміз - бисерді жапсырмалау.

Қауіпсіздік ережесі.

1.Бисерді ауызға апаруға болмайды.

2.Инені тістеп отыруға болмайдыү

3.Желімді көзге жақын ұстама.

Сарамандық жұмыс.

Бисердің түс ерекшелігіне көңіл бөлеміз, яғни гүлді қызыл түс қылып, ал гүлдің жапырақтарына жасыл түс алайық.

Оқушылар білімі тест арқылы тексеріледі.

1.Бисер қандай заттан жасалған?

б) ағаштан б) шыныдан

2. Египетте бисерді алғашқыда қалай атаған?

а) бусер б) бисер

3. Ресейде бисерді өз тәжірбиесімен жасаған кім?

а) А.С. Пушкин б) М.Ломоносов

Сабақты өлеңмен аяқтау.

Не білдім? Нені үйрендім? Не білгім келеді?

Сабақты бағалау, қортынды жасау.

Автор:
Л.Қ.САРЫБАЕВА, Технология пәнінің мұғалімі, Сарыбастау орта мектебі, Кербұлақ ауданы.