Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Батыр Бауыржан


22 июня 2012, 12:15 | 2 335 просмотров



Ана тілі

(3 сынып)

Сабақтың тақырыбы: Батыр Бауыржан

Сабақтың мақсаты:

а) Оқушыларға Б. Момышұлы туралы айта келіп, Ұлы отан соғысы туралы түсіндіру.

ә) Ой - өрісін тілін дамыта отырып, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыландыру.

б) Өз Отанын сүюге, батылдыққа, аға ұрпақтың өсиетіне адал болуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекіліктері:

Бауыржан Момышұлы портреті,

Ұлы отан соғысы бейнеленген бейнетаспа, суреттер, үлестірмелер.

Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы, әңгімелеу, түсіндіру.

????? ??????

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Сабаққа дайындық: күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, жылытады. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа бөлейді.

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

II. Үй тапсырмасын сұрау.

1. Нұркен Әбдіров кім, ол жайлы не білесіңдер?

2. Н. Әбдіровтың өлеңін жатқа айтып, түсінігін айту.

3. Ой шақыру. Ұлы Отан соғысы бейнеленген бейнетаспаны көрсету арқылы оқушыларды «Ұлы Отан соғысын» қалай түсінгендерін тексеру.

Ұлы Отан соғысы

- Ерлік,

- Бомбалау,

- Табандылық,

- Аштық,

- Ату,

- Жеңіс.

Ендеше, балалар, үй тапсырмасын қорыта келе мына үлестірме қағазда жазылған мақал-мәтелдеріміздің сыңарын табайық. (3 қатар бойынша)

1 қатар. Батырлық майданда ...

2 қатар. Ерлік білекте емес ...

3 қатар. Ел үмітін ер ақтар ...

III. Мақсат қою кезеңі.

Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. Жаңа сабаққа дайындық.

IV. Жаңа сабақ.

- Міне, балалар өздерің айтып өткендей ата – бабаларымыз егемендік жолында қанша ерлігімен, қайсарлылығымен , жерімізді жаулардан қорғап қалған. Сондай ержүрек, батыр ағаларымыздың бірі, есімі алтын әріппен жазылған Ұлы Отан соғысынвң даңқты жауынгері Бауыржан Момышұлы жайлы танысамыз. Авторы М. Ғабдуллин. (Өмірдерегімен таныстыру).

Кітаппен жұмыс:

1. Мәтіннің мазмұнын айту.

2. Оқушыларға іштей, тізбектей оқыту.

3. Өздеріне таныс емес сөздердің астын сыздырту.

V. Жаңа сабақты пысықтау. Сөздік жұмыс:

1.« Төртеу түгел болса, төбедегі келер,

Алтау ала болса – ауыздағы кетер».

«Ерді намыс, қоянды қамыс өлтіреді».

«Ер намысы – ел намысы».

2. Сергіту сәті.

3. Дәптермен жұмыс

Мәтіннен өздеріңе ұнаған сөйлемдерді жазып, сол сөйлемге түсініктеме жазыңдар. (Әр қатар өз пікірлерін айтады)

Иә, балалар, 1941ж Ұлы Отан соғысы басталған кезде Бауыржан Момышұлы Қазақ әскери комиссариатында жұмыс істейді. Алматы маңында 316 атқыштар дивизиясы жасақталып, Бауыржан Момышұлы батальон командирі болады.

Бүкіл соғыс барысында жеке басының қаһармандығымен және ұрыс жұргізудегі әскери шеберлігімен көзге түседі. Соғыс аяқталған соң Бас штаб жанындағы Жоғары әскери академияны бітіріп, әскери педагогтық қызмет атқарады.

1956 жылы денсаулығына байланысты отставкаға шығады. Батыр Бауыржан Отанына қаламымен қызмет етеді. Оның қаламынан ерлікті ту етіп көрсеткен тамаша кітаптар жазылды.

VI. Сабақты қорыту. Бауыржан атамызды қандай қырларынан танып білдік?

Бауыржан:

- Жазушы,

- Ұстаз,

- Батыр,

- Командир,

- Полковник,

- Халық қаһарманы,

- Қолбасшы,

- Майдангер.

VII. Үйге тапсырма.

1қатар Б.Момышұлы өмірдерегін оқып келу.

2 қатар Мәтінді оқып түсінігін айту.

3 қатар «Біз бейбітшілікті жақтаймыз» тақырыбында шығарма жазу.

VIII. Бағалау. Сабақта белсенділік көрсеткен оқушыларды мадақтау, бағалау.

Автор:
А.Е.АТЫМТАЕВА, Достық орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Достық кенті, Алакөл ауданы.