Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

"Сиыр"


22 июня 2012, 12:17 | 3 434 просмотра



Ана тілі .

Сабақтың тақырыбы: "Сиыр"

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Төрт түлік мал туралы оқушының түсінігін кеңейту.

«Сиыр» туралы тереңірек мағлумат беру.

???????????:Дамытушылық: Сөздік қорын байту, жылдам оқуға машықтандыру.

Байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Қоршаған тірі табиғатқа қызығушылығын арттыру. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал жасау. Шапшандылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Төрт түлік туралы біліп, оны бағалай білуге, оларды баптауға, қамқор болуға тәрбиелеу.

???????? ????:Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.

???????? ????:Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі, ой қозғау, проблемалық түсіндіру,

Сабақтың көрнекілігі: Мақал-мәтелдер, сөзжұмбақтар, суреттер.

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, сыртқы дүниемен байланыс.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) қонақтармен сәлемдесу.

Үлкенге де сіз

Кішіге де, сіз,

Бар адамды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

ә) дайындығын қадағалау

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

а) Үйге берілген «Торы құлын» туралы өлеңді мәнерлетіп оқыту.

(Бірнеше бала оқып шығады)

ә) Үй жұмысын қорыту.

Жылқы малының пайдасы туралы сызбаны толтыру.

Мінсең көлік,шөлдесең сусын (қымыз), жесең тамақ (ет, қазы, қарта, жал,жая).

III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:

1. Миға шабуыл.

- Жануарларды нешеге бөлеміз? (жабайы, үй жануарлары)

- Үй жануарларына қандай малдарды жатқызамыз?

- Жылқының төлі.

- Жылқы жастарын ата. (құлын, тай,байтал, дөнен, ат )

2. Сергіту сәті:

Секіреміз топ-топ,

Шапалақтап көп-көп.

Иiлемiз оңға қарай бiр,екi,үш,

Иiлемiз солға қарай бiр,екi,үш.

3. Сөзжұмбақ шешу:

Мына сөзжұмбақты шешсек бүгінгі сабақ тақырыбын ашамыз.

1. Сылдыр сұйық су емес,

Ішсең шөлін қанады.

2. Қалың киімді ұгнатады,

Шешндірсең жылатады.

3. Отырмайды, тұра алмайды

Түзу жолда жыбырлайды.

4. Мен ақ қалам, ақ қалам,

жазған сайын жоқ боламын

Бүгінгі өтетін сабақ тақырыбы: Сиыр

IV. Мақсат қою

Бүгінгі сабақтың мақсаты – үй жануарларын, соның ішінде сиыр туралы тереңірек білу.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Мұғалімнің түсіндірмесі.

Қазақ халқы көшпелі халық болған. Төрт түліктің жайымен жазда жайлауда, қыста қыстауды көшіп жүретін. Малдың еті, сүті, тамақ болған. Терісі мен жүні киім болған. Мінсе көлік. Мал халықтың байлығы. Қала халқын мал өнімдерімен ауыл қамтамасыз еткен. Малшы еңбегі өте зор. Сондқытан да сенім бойынша мал иелері бар деп және оларға өлең жырларын да жазған.

Түйе иесі- Ойсылқара

Жылқы иесі-Қамбар ата Қой иесі-Шопан ата

Сиыр иесі-Зеңгі баба Ешкі иесі-Сексек ата деп атаған

2. Тақтамен жұмыс.

Мақалды оқыту, мағынасын талдау.

• Сиырлының үйі- айран,

Сиырсыздың үйі-сырдаң.

• Сиырдың сүті- тілінде.

3. Оқулықпен жұмыс.

Жырды бірнеше оқушыға оқыту

Дауыстап, тізбектей оқыту

4. Суретпен жұмыс.

Жырға сүйеніп сиырды сипаттау.

Мүйізі иілген

Мұрны шұйілген.

Ірімшік, құрт, майы тілді үйірген.

5. Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Қос бүйiрдi сығамыз.

Оңға, солға бұрылып,

Бiр айналып шығамыз.

Бiр,екi, үш, төрт, бес

Қолды қолға ұрамыз.

6. Дәптермен жұмыс.

Сөздік жаздыру.

Шүйірген - мұрның төбеге көтерген

Үйірген - (бұл жерде) дәмді деген мағынаны білдіреді.

7. Қорыту.

- Бүгін сабақта не туралы білдік?

- Бүгінгі сабақ ұнады ма?

- Сабақта не істедік?

- Біз не істей аламыз?

Сабақты қорыта отырып бүгінгі өткенді пайдаланып сызбаны толтыру.

Тақтадағы кестені толтырады: (Оқушылар өз ойларын жазады)

VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау

VIII. Үйге тапсырма беру: Мәтінді оқып, әңгімелеп келу.

Автор:
Н.Қ.УТЕГЕНОВА, №12 орта мектеп гимназиясы Бастауыш сынып мұғалімі, Талдықорған қаласы.