Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы білім беру саласы бойынша ынтымақтастық одан әрі кеңи түседі


22 июня 2012, 12:20 | 1 743 просмотра


ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде «2009 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ауғанстан Ислам Республикасының Үкіметі арасындағыБілім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.Хаттаманың мақсаты - Қазақстан мен Ауғанстан Ислам Республикасы арасындағы білім беру саласы бойынша ынтымақтастықты одан әрі кеңейту болып табылады. Ал, хаттамаға өзгерістер енгізетін келісім 2010 жылғы 18 маусымда Кабулда жасалған. Келісімге орай 2021 жылға дейін Ауғанстанның 300 азаматын техникалық білім беру ұйымдарында және 700 азаматын жоғары оқу орындарында оқыту жөніндегі Қазақстанның міндеті қарастырылады. Ал, келісімнің 5-бабына сәйкес жоғарыда айтылған 700 азаматтың 170-і магистратура бойынша білім алатын болады. Жалпы алғанда, ауғанстандықтар Қазақстанның жоғары оқу орындарында әртүрлі салаларда бірқатар мамандықтар бойынша оқытылады. Атап айтсақ, денсаулық сақтау саласында - 200 адам, ауыл шаруашылығында - 129, ішкі құқық тәртібін қамтамасыз етуде - 75, гуманитарлық сала және журналистикада - 40, жаратылыс тану ғылымдарында - 6, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнесте - 18, өнерде - 18, құқық саласында - 6, мемлекеттік шекараны қорғауды қамтамасыз етуде - 45, инженерлік мамандықтарда - 91, педагогикалық бағытта - 66 адам білім алмақ.

Автор:
КАЗАҚПАРАТ