Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

1 қыркүйектен бастап Қазақстанның барлық мектептерінде ағылшын тілі оқытылады - Б.Жұмағұлов


22 июня 2012, 12:21 | 1 698 просмотров


19 маусым ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың төрағалығымен елімізде алғаш рет «ҚР-дағы көптілді білім беру: дамыту стратегиясы» атты республикалық кеңес өтті.«Бүгінгі кеңестің мақсаты көптілді оқыту бойынша стратегиялық мәселелерді таллқылау. Біріншіден, биылғы жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қазақстанның барлық мектептерінде ағылшын тілі оқытылатын болады. Екіншіден, ректорларды жинап отырған себебіміз қазіргі уақытта қай университетте қандай іс-шаралар өткізіліп жатқандығын білу», - деді жиынды ашқан Б.Жұмағұлов. Сондай-ақ өз сөзінде ҚР Білім және ғылым министрі әлемге белгілі басылымдардың еңбектеріне жазылып, оған 1 млрд. 200 млн. теңге қаражат бөлгендігін атап өтіп, бірақ та оны оқитын студенттер санының тым төмен екендігіне қынжылыс білдірді. «Қазақстан студенттерінің 1 пайызға жуығы ғана аталған еңбектерді пайдалана алады екен. Бұл дегенің - өте төмен көрсеткіш. Осы жағынан ойлануымыз керек», - деді ол.

Айта кетейік, қазірдің өзінде тіл үйрету орталықтарын дамыту жұмыстары жүргізілуде. Еліміз бойынша 33 мектепте оқу үш тілде жүргізіледі. Сонымен қатар кейбір жекелеген жоғары оқу орындарында маңызды мамандықтар бойынша көптілді білім беру ісі қолға алынған.

Автор:
КАЗАҚПАРАТ