Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Қарағанды облысында облыс орталығының түлектері ҰБТ бойынша үздік нәтижелер көрсетті


22 июня 2012, 12:22 | 1 633 просмотра


19 маусым Қарағанды әкімі Бауыржан Әбдішев қала мектептерінің үздік түлектерін құттықтады. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметінен хабарлайды.«Алтын белгілерді» тапсыру салтанатты жағдайда өтті.«Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындылары бойынша Қарағанды мектептерінің түлектері орташа алғанда 78,6 балдық нәтиже көрсетті, бұл 73,4 балды құраған жалпы облыстық көрсеткіштен көп. «Алтын белгіге» үміткер болған 79 түлектің ішінде 38-і білімдерін дәлелдеп шықты, бұл 46,8 пайызды құрайды. Бұл көрсеткіш бойынша Қарағанды облыста бірінші орын және республика бойынша жетекші орындардың бірінен көрінді», - деп атап өтіледі хабарламада.243 түлек 100 балдан жоғары алды. Ең үздік көрсеткіш № 93 гимназиясының түлегі Айгерім Жармұхаметовада - 124 балл. № 57 мектеп-лицейінің түлегі Бақытжан Дос 123 балл, № 38 гимназияда оқыған Аружан Аймақ және № 45 гимназияның түлегі Әлия Оспанова 122 балл алды.Қалалық білім бөлімінің мәліметтерінше, биылғы оқу жылында ҰБТ-ны 65 мектептің 1 861 түлегі (қаладағы бүкіл түлектердің 79,4 пайызы) тапсырды, олардың ішінде қазақ тілінде оқыған - 577 және орыс тілінде оқыған 1 284 адам болды.

Автор:
КАЗАҚПАРАТ