Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Журналистер мәртебесі асқақтай берсін!


22 июня 2012, 12:25 | 1 827 просмотров


24-маусым - Қазақстан журналистері күні

Бұл күн жылына бір рет аталып өтетін кәсіби мейрам. Әлемде төртінші билік саналатын журналистерге артылатын міндет те аз емес.Кеңес Одағы кезінде 5 мамыр бүкілодақтық баспасөз күні болып тойланатын. Қазақстан өз алдына тәуелсіздік алғалы бұл кәсіби мерекені 28 маусым деп қабылдаған болатынбыз. Бұның өзіндік себебі бар. Қазақстандағы алғашқы «Түркістан уәлаяты» газетінің туған күнін негізге ала отырып журналистік қауымдастық қабылдаған болатын. Дегенмен бұл күнді маусым айының соңғы жексенбісінде атап өтуді дәстүрге айналдырып келеміз.

Әлемде төртінші билік саналатын журналистерге артылатын міндетте аз емес. Осы орайда «журналистің арқалағаны алтын, жегені жантақ» деген сөздің шығуы да тегін емес. Журналист көп жүреді, көп көреді, көрген- білгенін еш бояусыз қағазға түсіреді. Билік пен қарапайым халық арасына алтын көпір жүргізеді. Дұрыс ақпараты арқылы халқына қызмет етеді.

Бүгінде қазақ басылымдары, ұлттық арналар жақсы жұмыс істеп дамып келеді. Бәрі де халық патриоттары, ел мүддесін ойлап, сол үшін еңбек етеді. Қазақ басылымдарының да саны да, таралымы да, беделі де өсті.Тарихтан да сыр шертіп, ауылдағы ағайынның да әлеуметтік жағдайын жазатын осы қазақ басылымдары. Танымал тұлғалардың да жасаған еңбегі мен ерлігін танытатын да осы төл басыламдар. Мәдениет пен спортты, саясат пен саяхатты, келелі мәселелерді де басылымдардан оқып білеміз. Біздің тілімізді, дінімізді, жерімізді, рухымызды да қорғап, асқақатататында осы басылымдар осы саладағы тілшілер.

Қазақстанның жеті аймағынан лезде хабардар етіп, халықты құлақтандырып отыратын журналистика қадір-қасиеті мол сала. Осы салада тер төгіп журген журналистер қауымы да зор еңбек пен ізденіс иесі.

Құрметті журналистер қауымы! Сіздерді келе жатқан кәсіби төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Қаламдарыңыз үшкір, ойларыңыз ұшқыр болсын. Халық игілігіне атқарып жатқан еңбектеріңіз алға басып, жемісті болсын!

Автор:
"Білім шапағаты" газетінің редакциясы.